ҰСО зертхаларында кене энцефалитіне 2000-нан астам талдау жүргізілді
Более 2000 исследований на клещевой энцефалит провели в лабораториях НЦЭ 15.06.2022

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖК РМК аса қауіпті инфекциялар зертханаларында 2022 жылдың сәуір-мамыр аралығында кене энцефалитіне 2 719 талдау жүргізілді, оның 48-і оң нәтиже көрсетті.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, аталған кезеңде ҰСО кене энцефалитіне 1 299 талдау жүргізіп, оның 40-тан астамы оң нәтиже берген.

Айта кету керек, кенелер үшін қолайлы жағдай сәуір-мамыр және тамыз-қыркүйек айларына сәйкес келеді.

Естеріңізге сала кетейік, кене энцефалиті–орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жедел өтетін жұқпалы ауру. Ауру кене шаққанан кейін дамиды. Адам ағзасында вирус орталық жүйке жүйесіне (ми мен жұлын) еніп, көбейеді. Кене энцефалитінің инкубациялық кезеңі 7-ден 21 күнге дейін.

Егер кене шаққан болса, дереу дәрігерге хабарласыңыз. Кенені мүмкіндігінше жақын жердегі зертханаға талдау үшін апарыңыз. Энцефалиттің нәтижесі теріс болса да, бірнеше апта бойы денсаулығыңызды бақылаңыз.