Астанада биоқауіпсіздік бойынша тренинг өтті
В Астане прошло обучение по вопросам биобезопасности 20.02.2023

Кәсіпорынның Астана қаласындағы филиалында филиалдардың биоқауіпсіздік жөніндегі мамандары үшін «Биоқорғану және биоқауіпсіздік» тақырыбында тренинг өткізілді.

Оқыту барысында келесі тақырыптар қамтылды:

  • медициналық зертханаларға арналған үй-жайлар мен жабдықтарға қойылатын талаптар;
  • ЖҚҚ пайдалану тәртібіне қойылатын талаптар;
  • апаттарды жою кезіндегі іс-қимыл тәртібі;
  • тәуекелдерді бағалау;
  • медициналық қалдықтарды кәдеге жарату ережелері;
  • зертхана ішінде жұқтырудың алдын алу шаралары және басқалар.

Оқу барысында алынған білім мен дағдылар мамандарға Кәсіпорын зертханаларында патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде биоқауіпсіздік ережелерін сақтауды ұйымдастыру саласындағы кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сурет галереясы