Еліміздегі қызылшаның таралуы: зерттеу нәтижелері анықталды
Активность кори в Казахстане: результаты лабораторных исследований 28.03.2023

Биыл қаңтар айынан бастап Ұлттық сараптама орталығында секвенирлеу әдісімен қызылшаны анықтауға 270 зерттеу жүргізілген.

Сараптама барысында 82 сынама оң нәтиже берді. Зерттеулер ең көп Алматы қаласында, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізілді. Қазіргі уақытта ҰСО-ның барлық филиалдары қызылшаны анықтауға арналған тест-жүйемен қамтамасыз етілген.

Қызылша - бұл жоғары температура, интоксикация, жөтел, мұрыннан су ағу, конъюнктивит және бөртпе түрінде көрінетін жедел вирустық ауру. Вирус ауа арқылы әрі ұзақ қашықтыққа да оңай тарайды.

Қызылшаның алдын алудың жолы - вакцина алу. Міндетті түрде дезинфекция жасалады, атап айтсақ бөлмені желдету, дымқыл тазалау, басқа (науқас емес) адамдармен байланыстың болмауы.