Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Астанада Қазақстан Республикасында epic жобасы аясында зертханалық қызметті күшейту бойынша техникалық кездесу өтті.

В Астане состоялась техническая встреча по усилению лабораторной службы в рамках проекта EpiC в Республике Казахстан. 14.05.2026

2026 жылғы 13 мамырда Астана қаласында «Hilton Garden Inn» қонақ үйінің «Tulip» конференц-залында денсаулық сақтаудың жаһандық бағдарламасының epic жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасында зертханалық қызметті күшейту мәселелеріне арналған техникалық кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Ұлттық сараптама орталығының, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының, Қазақстан Республикасындағы Family Health international 360 филиалының өкілдері қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыптары

  • жаңа және жаңадан пайда болған жұқпалы ауруларды диагностикалау үшін зертханаларды заманауи тест-жүйелермен, реагенттермен және шығын материалдарымен қамтамасыз ету;
  • ұлттық және халықаралық сарапшыларды тарта отырып, мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
  • сапа менеджменті жүйесін жетілдіру және зертханаларды аккредиттеуге дайындау;
  • стандартты операциялық рәсімдерді (СОП)әзірлеу және өзектендіру;
  • оқыту іс-шаралары мен симуляциялық оқу-жаттығулар өткізу;
  • WHONET платформасын қолдана отырып, микробқа қарсы төзімділік (АМР) деректерін талдауды дамыту.

Кездесу қорытындысы

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар одан әрі өзара іс-қимылдың басым бағыттарын айқындап, түйінді іс-шараларды келісіп, жауапты байланыс тұлғаларын тағайындады. Зертханалық қызметтің әлеуетін нығайтуға, диагностика сапасын арттыруға және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындыққа ерекше назар аударылды.

Белгіленген бастамаларды іске асыру жұқпалы ауруларды анықтау мен мониторингтеудің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ ұлттық биоқауіпсіздік пен эпидемиологиялық бақылау жүйесін күшейтуге мүмкіндік береді.