Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЖЕНЕВАДА ӨТІП ЖАТҚАН «CODEX ALIMENTARIUS» КОМИССИЯСЫНЫҢ 49-СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСУДА

ДЕЛЕГАЦИЯ КАЗАХСТАНА ПРИНИМАЕТ УЧАСТИЕ В 49-Й СЕССИИ КОМИССИИ «CODEX ALIMENTARIUS» В ЖЕНЕВЕ 08.07.2026

2026 жылғы 6–10 шілде аралығында Қазақстан делегациясы Женева қаласында (Швейцария) өтіп жатқан «Codex Alimentarius» комиссиясының 49-сессиясының (CAC49) жұмысына қатысуда.

Қазақстан делегациясын РМК ШЖҚ «Ұлттық сараптама орталығы» Басқарма төрағасы Ерлан Қиясов басқарады. Делегация құрамына сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық және ғылыми менеджмент секторының меңгерушісі Найля Карсыбекова және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі маман Зейнулла Шарипов кіреді.

49-сессияның жұмысы доктор Аллан Азегеленің төрағалығымен басталды. Ашылу рәсімінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус және Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Бас директоры Цюй Дунъюй сөз сөйлеп, жаһандық сын-қатерлер жағдайында ғылыми негізделген стандарттар мен халықаралық ынтымақтастықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.

Сессияның алғашқы күнінде қатысушылар «Codex Alimentarius» комиссиясы Атқарушы комитетінің 90-сессиясының қорытындыларын тыңдап, халықаралық стандарттарды әзірлеу және бекіту бағытындағы салалық комитеттердің жұмысы бойынша нәтижелерді қарастырды.

Қазақстан делегациясы өз сөзінде түйе тұқымдастарға арналған тетрациклин тобы антибиотиктерінің және тауық жұмыртқасына арналған никаразиннің бекітілетін ең жоғары рұқсат етілген деңгейлері (бұдан әрі – ЕРД) бойынша ескертулерін білдірді. Бұл көрсеткіштер аталған препараттар бойынша Қазақстанда қолданыстағы ЕРД деңгейлерінен ерекшеленеді.

Сондай-ақ Комиссия жұмысының жаңа бағыттары талқыланды. Қазақстан Еуропалық одақтың азық-түлік өндірісінің жаңа көздері мен жүйелеріне байланысты тәуекелдерді талдау қағидаттарын әзірлеу жөніндегі бастамасын қолдады.

Айта кету керек, сессияның ашылуы қарсаңында Германия Федеративтік Республикасының төрағалығымен ФАО/ДДҰ Еуропалық өңірі бойынша Үйлестіру комитетінің отырысы өтті. Отырыста Комиссияның 49-сессиясының күн тәртібі қаралып, сондай-ақ балық және балық өнімдері жөніндегі Кодекс комитетіндегі Испания төрағалығына қатысты мәселелер талқыланды.

«Codex Alimentarius» комиссиясының 49-сессиясының жұмысы жалғасуда.

Сурет галереясы

ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЖЕНЕВАДА ӨТІП ЖАТҚАН «CODEX ALIMENTARIUS» КОМИССИЯСЫНЫҢ 49-СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСУДА 1 ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЖЕНЕВАДА ӨТІП ЖАТҚАН «CODEX ALIMENTARIUS» КОМИССИЯСЫНЫҢ 49-СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСУДА 2 ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЖЕНЕВАДА ӨТІП ЖАТҚАН «CODEX ALIMENTARIUS» КОМИССИЯСЫНЫҢ 49-СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСУДА 3