Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасарының бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыру конкурсына "Бизнес, басқару және құқық" дайындық бағыты бойынша жоғары (және/ немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономика, қаржы, құқықтық) немесе инженерлік-техникалық білімі және басшылық лауазымдарда бейін бойынша немесе денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілі немесе қосымша "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болған жағдайда басшылық лауазымдарда бейін бойынша немесе денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық қызмет көрсетудің нарық конъюнктурасын, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық және ұйымдастырушылық негіздерін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау критерийлері мен көрсеткіштері, зертханалық қызметтер нарығының конъюнктурасын, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін Кәсіпорынның актілерін білу.

Қызметтік міндеттері:

  1. Филиалдың өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелерінің: құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының, маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің, әкімшілік-шаруашылық жұмыс бөлімінің, бухгалтерлік есеп және экономика бөлімінің, аудандық/қалалық бөлімдердің қызметіне басшылық жасайды, олардың жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелерін ұйымдастырады.
  2. Филиалдың экономикалық жоспарлауы бойынша жұмысты басқарады;
  3. Филиалдың даму жоспарын дайындау, әзірлеу, келісу және бекіту бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  4. Бухгалтерлік есеп және экономика бөлімімен бірлесе отырып, өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижелерін есепке алу және талдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және әдістемелік басшылық жасайды. Кәсіпорын филиалының қызметін техникалық-экономикалық жоспарлау бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеуді қамтамасыз етеді.
  5. Ақылы қызмет көрсетуден түсетін кірістер бойынша жоспардың орындалуын бақылайды;
  6. Филиалдың талап қою жұмысын ұйымдастырады;
  7. Мемлекеттік сатып алу жоспарын дайындау және орындау, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды уақтылы өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады.
  8. Мемлекеттік сатып алу порталында әлеуетті өнім берушілермен және тапсырыс берушілермен, сондай-ақ олардың өтініштері бойынша жеке және заңды тұлғалармен шарттарды уақтылы жасасу бойынша жұмысты үйлестіреді.
  9. Кіріс қаражаттарының есебін, ТМҚ есебін, негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың түгендеуін қамтамасыз етеді;
  10. Кәсіпорынның қызметкерлерімен еңбекақы бойынша, Кәсіпорынға қызметтерді, жұмыстар мен материалдарды ұсынатын субъектілермен және Кәсіпорынға қызмет көрсететін ұйымдармен уақытылы есеп айырысуды бақылайды және қамтамасыз етеді.
  11. Салық және бюджетке және Зейнетақы қорына төленетін басқа да міндетті төлемдердің уақтылы төленуін қамтамасыз етеді;
  12. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жасайды. Бюджеттік қаражатты және ақылы қызметтерді көрсетуден түскен қаражатты жұмсауды оңтайландыру бойынша ұсыныстар береді.
  13. Филиал бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен үй-жайларды өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес шаруашылық қызмет көрсетуді және тиісті жағдайын қамтамасыз етеді, сондай-ақ жабдықтардың (жарықтандыру, жылыту, желдету жүйелері және т.б.) жұмысқа жарамдылығын бақылауды жүзеге асырады.
  14. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жоспарын әзірлеуге қатысады, Филиалдың азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі іс-шараларындың өткізуін ұйымдастырады;
  15. Қызметкерлердің еңбекті қорғау жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындауын, қызметкерлердің еңбекті қорғау туралы заңнама талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
  16. Негізгі қорларды (ғимараттар, су құбырлары, ауа құбырлары және басқа құрылыстар) ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеуге, шаруашылық шығындарының сметасын жасауға қатысады.
  17. Филиалдағы коммерциялық процестерге жанжақты қадағалау, зерттеу және талдау жүргізеді және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін арттыруды қамтамасыз етеді.
  18. Филиалдың құрылымдық бөлімшелері жағдайында ақылы қызмет көрсету көлемін жоспарлау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  19. Уәкілетті органға қаржылық-экономикалық есептілікті уақтылы ұсынуды ұйымдастырады;
  20. Мемлекеттік тапсырыс жоспарын орындауға, ақылы қызмет көрсетуге және басқа да өндірістік-шаруашылық қызметке, жаңа заманауи технологияларды енгізуге және мамандардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты Филиал жұмысын жақсарту жөнінде директорға ұсыныс енгізеді.
  21. Филиалды техникалық және әкімшілік жаңғырту жобаларын әзірлеуді жүзеге асырады, жеке құрылымдық бөлімшелердің мәртебесін өзгерту перспективаларын (басқа бөлімшелермен өзара қарым-қатынас тәртібін өзгерту, тиісті бөлімшелер басшыларының құқықтарын кеңейту немесе шектеу мүмкіндігін) қарастырады, жобаларды және оларды іске асыру кестелерін басшылыққа ұсынуды ұйымдастырады, оларды қорғайды және негіздейді, жобаларды басқару мәселелеріне жауап береді, жобалар бекітілгеннен кейін тиісті құжаттаманы дайындауды, тиісті лицензиялар мен рұқсаттарды алуды ұйымдастырады.
  22. Өз құзыреті шегінде құжаттарға қол қояды және бекітеді;
  23. Филиал директоры болмаған уақытта (іссапар, демалыс, ауру және т.б.) оның міндеттерін орындайды.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;
  3. фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
  4. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен беріледі);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

  1. біліктілік бағасы;
  2. тестілеу;
  3. сұхбаттасу өткізу;
  4. конкурс қорытындысын шығару;
  5. тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің директоры және / немесе директордың орынбасары лауазымына тағайындау.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2022 жылғы 3 маусым сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.