Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Ақмола облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпорынның Ақмола облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына біліктілік талаптары:
Кәсіпорынның Ақмола облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыру конкурсына "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша және (немесе) "Бизнес және құқық"; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық қызмет көрсетудің нарық конъюнктурасын, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық және ұйымдастырушылық негіздерін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау критерийлері мен көрсеткіштері, зертханалық қызметтер нарығының конъюнктурасын, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін Кәсіпорынның актілерін білу.
Қызметтік міндеттері:
1. Зертханалар мен дезинфекциялық бөлімдерінің қызметіне басшылықты қамтамасыз етеді, олардың жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
2. Сұрақтарға жетекшілік етеді:
1) зертханалық зерттеулер және адамның тіршілік ету ортасының факторларын өлшеу бөлігінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу;
2) санитариялық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, жалпы клиникалық, биохимиялық, серологиялық, иммунологиялық, молекулярлық-генетикалық, радиологиялық, радиометрияны, радиохимияны, дозиметрияны қамтитын және токсикологиялық зертханалық зерттеулерді, шу мен дірілді, электромагниттік өрістерді өлшеуді, желдеткіш жүйесі жұмысының тиімділігін және адам мекендейтін ортаның басқа да факторларын орындау;
3) ошақтық және профилактикалық дезинфекция, дератизация және дезинсекция жүргізу;
4) санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуге қатысу;
5) инфекциялық және паразиттік ауруларды диагностикалауға қатысу;
6) сараптама жүргізуге шарттық негізде немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша, сондай-ақ адамның мекендеу ортасының тәуекел факторларын жою жөніндегі жұмыстарға қатысу;
7) халықтың санитариялық - эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, декреттелген топтарды гигиеналық оқыту бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізуге қатысу;
8) Кеден Одағының техникалық регламенттерде көзделген көрсеткіштерді айқындауға арналған өнімдерге, тауарларға зертханалық зерттеулер жүргізу;
9) зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшеулер жүргізу бойынша консультациялық қызметтер, сондай-ақ дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтер көрсету;
10) жұмыс орындарына аттестаттау жүргізу;
11) біліктілік сәйкестігін растау саласындағы жұмыстарды орындау (ЗАСЗ-зертханааралық салыстырмалы зерттеулер, ССК-сапаны сыртқы бағалау);
12) заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сынамаларды алу;
13) биоматериалдарды алу және зертханалық зерттеу;
14) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
15) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, нормативтік құқықтық актілерді іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
16) филиалды жергілікті өкілді және атқарушы органдарда, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсыну;
17) халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық, қоғамдық және басқа да комиссиялардың жұмысына қатысу;
18) нормативтік базаны қалыптастыруға, мемлекеттік және басқа да органдарға құжаттарды дайындау және дайындауға қатысу;
19) өз құзыреті шегінде басқа ұйымдарға консультативтік, әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
20) филиалдың жетекшілік ететін бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру;
21) Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің мүдделі ведомстволармен және қызметтермен жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру;
22) өндірістік кеңестерді, семинарларды, конференцияларды дайындау мен өткізуге қатысу және өткізу;
23) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен қарау;
24) филиалда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау;
25) бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу;
26) филиалдың жұмыс жоспарын әзірлеуді жүзеге асыру, олардың орындалуын бақылау;
27) директивалық құжаттардың, жоғары тұрған ұйымдардың сұраныстарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
28) ақпараттық бюллетеньдерді әзірлеуді және облыс қызметі қызметінің сапалық көрсеткіштерін қамтамасыз ету;
29) статистикалық есептерді құрастырудың дұрыстығына, сапасына және уақтылығына әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
30) филиал қызметі туралы жиынтық есептерді қабылдау, жинақтау және құрастыруды қамтамасыз ету;
31) филиалдың нормативтік құқықтық базасын қалыптастыруды ұйымдастыру;
32) қызметтік құжаттардың қозғалыс тәртібінің орындалуын бақылау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
33) бөлімдердің жұмысына талдау және жалпылау жүргізу, жұмыстың жаңа түрлерін енгізу;
34) қызметтің барлық мәселелері бойынша зертханалық кеңестердің отырыстарын, өндірістік кеңестерді, конференцияларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;
35) құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;
36) филиалдың, аудандық және қалалық бөлімшелердің зертханаларында бар өлшем құралдарын метрологиялық бақылауды ұйымдастыру;
37) филиалдың сынақ орталығының жұмысын үйлестіру.
3. Филиал директоры болмаған уақытта (іссапар, демалыс, ауру және т.б.) оның міндеттерін орындайды.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;
3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен беріледі);
Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару;
5) тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің директоры және / немесе директордың орынбасары лауазымына тағайындау.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2022 жылғы 16 қыркүйек сағат 18.00.
Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.