Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының құқықтық, кадрлық жұмыстары және мемлекеттік сатып алу секторының кадр бойынша маманының бос орын лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының құқықтық, кадрлық жұмыстары және мемлекттік сатып алу секторының кадр бойынша маманының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады. 

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының құқықтық, кадрлық жұмыстары және мемлекттік сатып алу секторының кадр бойынша маманының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары санитарлық-гигиеналық бейіндегі медициналық білімі немесе жоғары педагогикалық бейінді білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. 

Мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс жасаған маман болуы шарт.

Кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, ережелері мен нормаларын білу.

Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының құқықтық, кадрлық жұмыстары және мемлекттік сатып алу секторының кадр бойынша маманының қызметтік міндеттері:

1.1. Филиалдың мақсаттарына, стратегиясы мен бейініне сәйкес талап етілетін кәсіптерді, мамандықтар мен біліктіліктерді құрылымдық бөлімшелер мамандарын кадрлармен жасақтау бойынша жұмысты басқарады, қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқыту жоспарын жасайды, орталық аппаратқа қажетті құжаттар мен есептерді ұсынады, қажет болған жағдайда оқуға шарттар жасасады;

1.2. Қызметкерлердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын есепке алуды жүргізеді, еңбек кітапшаларын уақтылы толтырады, жоғары медициналық білімі бар, орта медициналық білімі бар мамандар және басқа да мамандар бойынша база құрады;

1.3. Бөлімнің тиімді жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, Филиалдың басқа бөлімшелерімен өзара ара-қатынасты қамтамасыз етеді;

1.4. Кадрлардың сандық және сапалық құрамы, олардың дамуы және Филиалдың құрылымдық бөлімшелеріндегі қозғалысы туралы деректер банкін қалыптастырады және жүргізеді, бос лауазымға орналасуға құжаттама дайындайды, орталық аппарат сайтында конкурс жариялайды, тестілеу, конкурс өткізу жөніндегі ұйым және конкурс нәтижелерімен таныстырады;

1.5. Кадрларға ағымдағы және перспективалық қажеттілікті айқындайды, оқу орындарымен және жұмыспен қамту қызметтерімен, ұқсас бейіндегі ұйымдармен байланыс орнатады, ұйым ішінде қызметкерлерді бос жұмыс орындары туралы хабардар етеді, қызметкерлерді жалдау туралы хабарландыру орналастыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады;

1.6. Филиал директорының басшылығымен олардың біліктілігін, жеке және іскерлік қасиеттерін бағалау негізінде кадрларды іріктеу, іріктеу және орналастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, Ұйым бөлімшелерінде қызметкерлердің дұрыс пайдаланылуын бақылайды;

1.7. Кадрлық жұмысты әдістемелік қамтамасыз етуді жаңарту, қолда бар автоматтандырылған жүйелерді (АБЖ-кадрлар кіші жүйелері) пайдалана отырып, кадрларды басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу, филиал персоналы туралы деректер банкін құру, оны уақтылы толықтыру, пайдаланушыларға қажетті ақпаратты жедел ұсыну бойынша жұмысты жүргізеді.

1.8. Бөлімше басшыларының кадр саясаты және персоналмен жұмыс мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ филиал директорының актілерін орындауын бақылайды.

1.9. Табельдік есепке алуды, демалыс кестелерін жасауды және орындауды, ұйым бөлімшелеріндегі еңбек тәртібінің жай-күйін және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын бақылауды, тұрақсыздық себептерін талдауды ұйымдастырады, еңбек тәртібін нығайту, кадрлардың тұрақтамауын, жұмыс уақытын жоғалтуды азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді, олардың орындалуын бақылайды.

1.10. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес қажетті құжаттарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен беріледі);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса, конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса, ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару;

5) тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің құқықтық, кадрлық жұмыстары және мемлекттік сатып алу секторының кадр бойынша маманының лауазымына тағайындау.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.00-ден 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 191/4 үй, 4 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2022 жылғы 28 қыркүйек сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7112) 510061