Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Қосымша білім беру бойынша оқытушыға конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға арналған қосымша білім беру іс шарасы: «Дезинфекциялық іс» тақырыбы бойынша сертификаттау курсын өткізу үшін Кәсіпорын оқытушысын конкурстық іріктеуді жариялайды:

Кәсіпорын қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорын оқытушысын іріктеуге арналған конкурсқа келесі талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:

  • ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы немесе магистрі академиялық дәрежесі бар;
  • мамандық бейіні бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі бар;
  • ғылыми-педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес;
  • оқытылатын бейін бойынша соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 сағат) бойынша біліктілігін арттырған.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:

1) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттар пошта арқылы алынған жағдайда, олар қайтаруға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, болған жағдайда алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілікті бағалау;

2) сұхбаттасу;

3) конкурстың қорытындысын шығару;

4) өтеулі қызметтер көрсету шартын жасасу.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 29.10.2021 ж. №829 бұйрығымен бекітілген Кәсіпорынның профессорлық-оқытушылық құрамын конкурстық іріктеу қағидаларымен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін, Астана қаласы, Достық көшесі, 18, Мәскеу БО, 8-ші қабат, 19-шы кабинет мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2023 жылғы 20 қаңтар сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554926.