Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кәсіпорынның Ұлытау облысы бойынша филиалы директорының бос орын лауазымына орналастыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Ұлытау облысы бойынша филиалы директорының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Ұлытау облысы бойынша филиалының директорының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына  "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі "Денсаулық сақтау" білім беру бағыты бойынша білім және (немесе) "Бизнес және құқық"; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық қызмет көрсетудің нарық конъюнктурасын, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық және ұйымдастырушылық негіздерін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау критерийлері мен көрсеткіштері, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін Кәсіпорынның актілерін білу.

Кәсіпорынның Ұлытау облысы бойынша филиалы директорының қызметтік міндеттері:

1) Филиалдың өндірістік, шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған шешімдерге, мүліктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелеріне толық жауапкершілікте болады.

2) Филиалдың саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Ұсынылатын қызметтердің тиімділігі мен сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін одан әрі арттыруға бағытталған персоналдың жұмысының ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерінің жаңаларын енгізуді және жетілдіруді қамтамасыз етеді.

3) Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың әрекеттерін көрсетілетін қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

4) филиалды біліктілік кадрларымен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды.

5) филиал қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде филиал жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдайды.

6) әлеуметтік әріптестік қағидаттарының негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді;

7) Профилактикалық және ошақты дезинфекциялау шеңберінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

8) Филиал қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.

9) Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады.

10) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасады, мәмілелер жасайды.

11) Филиалдың барлық қызметкерлері үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

12) Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта Филиал атынан өкілдік етеді.

13) Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

14) Филиалдың уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

15) Филиалда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына және филиалдың Ережесіне сәйкес басқа да өкілеттіліктерді орындайды.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет: 1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен немесе egov арқылы беріледі);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару;

5) тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің директоры және / немесе директордың орынбасары лауазымына тағайындау.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2023 жылғы 14 ақпан сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.