Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кәсіпорынның Шаруашылық қызметі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар департаментінің ғимараттар мен құрылыстар бойынша маманының бос орын лауазымына орналастыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Шаруашылық қызметі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар департаментінің ғимараттар мен құрылыстар бойынша маманының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Шаруашылық қызметі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар департаментінің ғимараттар мен құрылыстар бойынша маманының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына өнеркәсіптік азаматтық құрылыс мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім, құрылыстағы сапаны басқару бағыты бойынша кәсіптік қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттың қалаулы болуы, тапсырыс беруші функцияларын орындайтын құрылымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

1) Филиалдардың өтінімдерін (техникалық құжаттаманы, жобалық-сметалық құжаттаманы, техникалық және сараптамалық қорытындыларды) қалыптастыру және тексеру;

2) ақпаратты, есептер мен анықтамаларды дайындау;

3) сметалық құжаттаманың жасалуының дұрыстығын тексеру;

4) жөндеу жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу,

5) жылжымайтын мүлікті қабылдауға және беруге байланысты шараларды жүзеге асыру;

6) жобалық құжаттаманы және апатты ғимараттарды бұзуға, ғимараттарды салуға және қайта жаңартуға рұқсат құжаттамалардың болуын тексеру;

7) Кәсіпорынның филиалдарында ғимараттарды жөндеу жобаларының іске асырылуын көшпелі бақылау.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетімен беріледі, Омаров көш., 60 үй немесе egov арқылы);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы №369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2023 жылғы 10 наурыз сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.