Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Мемлекеттік сатып алу департаментінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Кәсіпорынның Мемлекеттік сатып алу департаментінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары заңгерлік/экономикалық білімі және мемлекеттік сатып алу саласында кемінде 2 (екі) жыл жұмыс өтілі немесе медициналық ұйымдарда/зертханаларда мемлекеттік сатып алу саласындағы 1 (бір) жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қызметтік міндеттері:
1) Кәсіпорынның орталық аппаратының (бұдан әрі – ОА) және филиалдарының (бұдан әрі – Филиалдар) мемлекеттік сатып алу жоспарын (бұдан әрі – МСА жоспары) қалыптастыру;
2) ОА және филиалдарының МСА жоспарын бекіту туралы бұйрықты қалыптастыру;
3) ОА бекітілген МСА жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) орналастыру;
4) Кәсіпорынның ОА және филиалдарының МСА жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды қалыптастыру;
5) ОА және Филиалдар МСА жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықты қалыптастыру;
6) веб-порталда ОА МСА жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды орналастыру;
7) өндірістік, метрологиялық, дезинфекциялық және дезинсекциялық қызметті қоспағанда, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық сипаттамаларды келісу;
8) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бұйрықтардың жобаларын дайындау;
9) МСА жоспарында айқындалған тәсілдермен ОА бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу;
10) Кәсіпорынның уәкілетті органының аумақтық департаменттерімен мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасу және келісу бойынша жұмыстарды жүргізу;
11) жүргізіліп жатқан мемлекеттік сатып алулар туралы ақпаратты веб-порталда орналастыру;
12) конкурстық комиссия мүшелерімен шартты жеңілдіктерді толтыру үшін нысандарды дайындау;
13) веб-порталға қолданылған шартты жеңілдіктер туралы ақпаратты енгізу;
14) мемлекеттік сатып алу хаттамаларын қалыптастыру;
15) конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қамтамасыз етуді – 1 % енгізуді, қайтаруды және ұстап қалуды бақылау;
16) мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша шарттар жасасу;
17) тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен шарттар жасасу;
18) тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жасалған шарттар бойынша есептерді қалыптастыру және веб-порталда орналастыру;
19) веб-порталда шарттардың электрондық тізілімін жүргізу;
20) шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді – 3 %, аванстың мөлшерін, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізуді бақылау;
21) мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қосымша шарттар жасасу;
22) Кәсіпорынның Басқарма Төрағасымен келісілген сатып алу бастамашыларының немесе Шаруашылық қызметі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі– ШҚАҚТЖД) тиісті қызметтік хаттардың негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды бұзу туралы хабарламаларды веб-портал арқылы жіберу;
23) Кәсіпорынның Басқарма Төрағасымен келісілген сатып алу бастамашыларының немесе ШҚАҚТЖД тиісті қызметтік хаттардың негізінде ОА ТЖҚ мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды веб-порталы арқылы бұзу;
24) ОА мен Филиалдардың МСА жоспарының, келісім-шарттарының орындалуына мониторинг;
25) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есептілікті дайындау және уәкілетті органға ұсыну;
26) конкурс, алдын ала бiлiктiлiгi бар конкурс, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуда конкурстық/аукциондық комиссиялардың құрамына қатысу;
27) ОА мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша әлеуетті өнім берушілердің хаттарына, өтініштеріне, шағымдарына жауаптардың жобаларын дайындау;
28) мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган жіберген ОА ТЖҚ мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды қарау және оларға жауаптар дайындау;
29) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
30) Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен мекемелерінде, сондай-ақ соттарда және (немесе) құқық қорғау органдарында Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте Кәсіпорынның мүдделерін білдіру;
31) Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының өтінімдері бойынша мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша қорытындылар мен түсініктемелер беру;
32) веб-портал арқылы уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізуге өтінімдер беру;
33) Департаменттің жылдық жұмыс жоспарымен бекітілген іс-шараларды, сондай-ақ департамент директорының, Департаментке жетекшілік ететін Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесінің және Басқарма Төрағасының жаттығуларын (тапсырмаларын) уақтылы және сапалы орындау;
34) Кәсіпорынның, Департаменттің қызметі туралы есептерді қалыптастыру және есептерді әзірлеуге қатысу
35) өз құзыреті шегінде Кәсіпорынның филиалдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету
36) Мемлекеттік сатып алу департаменті туралы ережеден туындайтын өзге де міндеттемелер.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;
3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетімен беріледі, Омаров көш., 60 үй немесе egov арқылы);
Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2023 жылғы 27 наурыз сағат 18.00.
Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.