Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кәсіпорынның өндірістік қызмет бөлімінің биоқауіпсіздік жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Өндірістік қызмет департаментінің биоқауіпсіздік жөнінде маманының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Өндірістік қызмет департаментінің биоқауіпсіздік жөнінде маманының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына "Денсаулық сақтау" (гигиена және эпидемиология/медициналық-биологиялық іс/ медициналық-профилактикалық іс/ қоғамдық денсаулық сақтау/ қоғамдық денсаулық) дайындық бағыты бойынша немесе "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (химия, биология) дайындық бағыты бойынша жоғары білімі және денсаулық сақтау саласындағы 2 (екі) жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

1) биологиялық қауіпсіздік пен биоқорғау бойынша шараларды бақылау бөлігінде функцияларды уақтылы және сапалы орындау;

2) Кәсіпорынның филиалдарына өз құзыреті шегінде және биологиялық қауіпсіздік және биоқорғау мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

3) биоқауіпсіздік және биоқорғау режимі талаптарының сақталуын монитоингі және бақылау;

4) зертханалардың биоқауіпсіздігі мен биоқорғауды қамтамасыз ету бойынша, патогендік биологиялық агенттер мен токсиндерді сақтау және өңдеуге байланысты барлық әрекеттер мен процестер үшін іргелі құжаттарды әзірлеуге қатысу;

5) биоқауіпсіздік және биоқорғау бойынша ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

6) биологиялық қауіпсіздік және биоқорғау мәселелері бойынша кадрларды оқытулар мен тренингтерді жүргізу, талаптардың сақталуын бақылау;

7) құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, республикалық және халықаралық ғылыми орталықтармен, мекемелермен өзара іс-қимыл жасау;

8) биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық тәжірибені қолдану;

9) биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу;

10) Департаменттің міндеттері мен функцияларына, Кәсіпорын басшылығының тапсырмаларына сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетімен беріледі, Омаров көш., 60 үй немесе egov арқылы);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару. 

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы №369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі. 

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2023 жылғы 7 сәуір сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.