Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кәсіпорынның Қызметкермен жұмыс жасау және іс жүргізу департаментінің кадр мәселелері бойынша маманының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Қызметкермен жұмыс жасау және іс жүргізу департаментінің кадр мәселелері бойынша маманының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Қызметкермен жұмыс жасау және іс жүргізу департаментінің кадр мәселелері бойынша маманының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары заңгерлік білімі және кадр қызметінде 2 (екі) жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

1) Кәсіпорынды қажетті кәсіптері, мамандықтары және біліктіліктері бар кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
2) кадрларды іріктеу, тандап алу, орналастыру жөніндегі жұмыстарға қатысуға міндетті;
3) кадрларға ағымдағы және келешек қажеттіліктерді анықтау, бос лауазымдарды толтыру бойынша ұсыныстар дайындау және жоғарылату резервін құру мақсатында Кәсіпорын және оның бөлімшелері персоналының лауазымы мен кәсіби біліктілік құрылымын, қызметкерлерді қабылдауға, ауыстыруға, еңбек қызметіне және жұмыстан босатуға байланысты кадрлық есепке алу жөніндегі белгіленген құжаттаманы, аттестаттау нәтижелерін және олардың іскерлік қасиеттері бағалауды зерделеу және талдау;
4) ынталандыру жүйелерін дамыту, енгізу, қызметкерлердің қанағаттануын арттыру бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу,
5) біліктілік, аттестаттау, конкурстық комиссияларды әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруға, олардың шешімдерін ресімдеуге қатысады;
6) Орталық аппарат қызметкерлерінің және Кәсіпорынның филиалдары басшыларының бос лауазымдарына конкурстық орналасу рәсімін жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кадр қызметі функцияларын орындауды қамтамасыз етеді;
8) еңбек тәртібінің жай-күйін, кәсіпорын қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындауын, персоналдың қозғалысын талдайды, айналымды азайту және еңбек тәртібін жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады;
9) Кәсіпорынның Орталық аппаратының қызметкерлері мен филиалдарының басшылары үшін кадр мәселелері бойынша: қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және босату туралы бұйрықтарды дайындайды және орындайды, олардың ағымдағы еңбек қызметі туралы анықтамаларды дайындайды;
10) еңбек шарттарын, еңбек шарттарына қосымша келісімдерді жасайды және ресімдейді, қызметкерлердің жеке істерін және басқа да кадрлық құжаттаманы жүргізеді.
11) еңбек кітапшаларын және Департаменттің құзыретіне жататын басқа да құжаттарды сақтау және толтыру қағидаларын сақтайды;
12) еңбек кітапшаларын, әскери қызметшілерге Т-2 нысандағы карточкаларды толтырады, есепке алады және сақтайды, еңбек өтілін есептейді;
13) Кәсіпорын қызметкерлерінің кезекті еңбек демалыстары кестелерінің дайындалуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
14) Кәсіпорынның әскери міндеттілер мен шақыртушылардың әскери есебін жүргізу;
15) қорғаныс істері жөніндегі басқармасына әскери міндетті қызметшілер мен шақыртушылар туралы есеп береді;
16) кіріс хаттар мен сұраныстар бойынша басшылықтың тапсырмалары бойынша ақпаратты дайындайды;
17) Департаменттің құзыреті шегінде тиісті мемлекеттік органдарға уақтылы есептер мен ақпарат ұсынуды дайындайды;
18) кадр резервін қалыптастыру рәсімдерін жүзеге асырады;
19) еңбек шарттарын тіркеу журналын жүргізеді;
20) еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын ресімдеу;
21) Кәсіпорынның орталық аппараты мен филиалдарының штаттық кестесін және ұйымдық құрылымын әзірлейді және өзгерістерді енгізеді;
22) тәртіптік комиссия бойынша материалдарды дайындайды, тәртіптік комиссияның отырыстарын ұйымдастырады, тәртіптік комиссияның хаттамаларын жасайды;
23) қызметкерлердің еңбек қызметінің нәтижелерін бағалауды, аттестаттауды ұйымдастырады;
24) жыл сайынғы «Жылдың үздік филиалы» конкурсын ұйымдастыру және өткізу;
25) кадр мәселелері бойынша ішкі құқықтық актілерді әзірлеу;
26) Кәсіпорын қызметкерлері арасында сауалнама жүргізу және оның нәтижелерін талдау;
27) Басқарма төрағасының және директордың тапсырмаларына сәйкес департаменттің функцияларынан туындайтын өзге де міндеттерді орындайды.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетімен беріледі, Омаров көш., 60 үй немесе egov арқылы);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы №369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2023 жылғы 10 сәуір сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.