Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кәсіпорынның Алматы облысы бойынша филиалы құқықтық, кадр жұмысы және мемлекеттік сатып алу секторының кадрлар бойынша маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының құқықтық, кадр жұмысы және Мемлекеттік сатып алу секторының кадрлар бойынша маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.

Кәсіби білімге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, Қазақстан Республикасының персоналмен жұмыс істеуге қатысты нормативтік құқықтық актілерін; өкімдік құжаттарды білу.

Лауазымдық міндеттері: филиал және бөлімше қызметкерлерінің жеке құрамының есебін, Т-2 жеке карточкаларын, әскери есебін жүргізу; ҚР еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды, жұмыстан босатуды ресімдеу; қызметкерлердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын жүргізу; қызметкерлердің сандық, сапалық құрамы және олардың қозғалысы туралы ақпаратты кәсіпорын персоналы туралы деректер банкіне енгізу; демалыс кестесін, қызметкерлердің еңбек өтілі хаттамасын ресімдеу; филиал қызметкерлеріне консультация беру; бұйрықтарды тіркеу журналдарын жүргізу; жұмыс уақытын есепке алу табельдерін; жоғары тұрған ұйымдардың сұрауларына жауап беру; еңбек өтілін растау анықтамаларын беру; кадрлар бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептерді жасау; жеке құрам бойынша бұйрықтарды, негізгі қызмет бойынша басшының бұйрықтарын, демалыстарды, іссапарларды күнделікті ресімдеу.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мынадай құжаттарды тапсырады:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген) ;

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасымен беріледі).

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтаруға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару;

5) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Кәсіпорын) филиалының, өкілдігінің құқықтық, кадр жұмысы және Мемлекеттік сатып алу секторының кадрлар бойынша маманын лауазымға тағайындау.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 21.11.2018 ж. №523 бұйрығымен бекітілген кәсіпорын қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу ережелерімен реттеледі (Кәсіпорынның сайтында орналастырылған).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін Алматы облысы, Қонаев қаласы, 5 шағын ауданы 1 үй мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 03.05.2023 ж. 18-00-ге дейін.

Анықтама телефоны: 8(72772) 4-53-50