Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ұлытау облысы бойынша филиалының құқықтық, кадрлық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Біліктілік талаптары: жоғары білім- құқықтану саласындағы, экономикалық, құқықтық мамандығы бойынша жұмыс тәжрибесі 1 жыл;
Кәсіби білімге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасы заңнамасы, мемлекеттік сатып алуды реттеу.
Лауазымдық міндеттері: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуды ұйымдастыру, жылдық жоспарлардың жобаларын әзірлеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу Веб-порталында мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты орналастыру, процедураны толық қамтамасыз ете отырып, сатып алу тапсырыстарын қадағалау.
"Білуі керек: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", Мемлекеттік сатып алуға қатысты нормативтік құқықтық актілер мен нормаларын.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;
3) кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген) ;
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен беріледі);
Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік Кәсіпорынның (бұдан әрі-Кәсіпорын) Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы №369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.
Құжаттар жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін Жезқазған қаласы, Гурбы көшесі 6
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2023 жылдың 10 мамыр, сағат 18.00
Анықтама телефоны: 8(7102) 41-02-41