Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҰСО Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Дезинфекция орталығы" филиалының Құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыс бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос қызмет орнына орналастыруға байқау өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы (бұдан әрі-Филиал) Құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыс бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымын орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні ошақтық және профилактикалық дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Қойылатын біліктілік талаптары:

Құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыс бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа

экономикалық және заңгерлік жоғары білімі кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) Бір көзден, конкурстан және аукционнан баға ұсыныстарын сұрату арқылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізеді.

2) Мемлекеттік сатып алу сайттарына мониторинг жүргізеді.

3) Дайындалған құжаттарды конкурстық комиссияға ұсынады.

4) Конкурстық құжаттарды дайындауға арналған шығындарды айқындауға, әлеуетті өнім берушілер туралы ақпаратты іздеуге өтінімге қатысады.

5) Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді. Конкурстық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.

6) Тауардың немесе өнімнің белгілі бір түрлерін сатып алу бойынша сарапшылармен консультациялық хат алмасуды жүргізеді.

7) Бюджетті жасауға, өтінім беруге және Мемлекеттік сатып алу жоспарын жасауға қатысады.

8) Мемлекеттік сатып алу жоспарын мемлекеттік сатып алу сайтына орналастырады.

9) Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу мерзімдерін қадағалайды.

10) Құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыс бөлімі бастамашы бөлім болып табылатын ТЖҚ бойынша техникалық ерекшеліктерді әзірлейді.

11)  Конкурстар бойынша келісім-шарттарға қол қою мерзімдерін бақылайды.

12) Уақтылы есептілікті қамтамасыз етеді.

13) Өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталында берілген алғашқы құжаттарды дұрыс рәсімделуін тексереді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы Конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылмайды.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 523 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы»  ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап, сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30 бастап, 18.30-ға дейін 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Универсальная көшесі, 3а мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы:  2023 жылғы 21 қыркүйек сағат 18.30.

Анықтама телефоны: 8(7152) 31-29-57.