Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі-Филиал) әкімшілік- шаруашылық жұмыстар бөлімінің басшысы бос орнын лауазымына конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Әкімшілік - шаруашылық жұмыстар бөлімінің басшысы бос орыны лауазымына кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1) ұйым бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен үй-жайларға шаруашылық қызмет көрсетуді және өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау тәртібі мен нормаларына сәйкес тиісті жай-күйін, сонымен қатар жабдықтардың ( жарықтандырудың, жылыту, желдету жүйелерінің және өзгелер) жарамдылығына бақылауды қамтамасыз етеді;
2) негізгі қорларды (ғимараттардың, сумен жабдықтау, ауа құбырларының және өзге де) ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеуге, шаруашылық шығыстар сметаларын жасауға қатысады;
3) үй-жайларды жөндеуді ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылайды;
4) жиһазбен, шаруашылық инвентарьмен, инженерлік пен басқарушылық еңбекті механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етеді, олардың сақталуын және уақытымен жөнделуін қадағалайды;
5) қызмет көрсетуге, кеңсе құралдарын, қажетті шаруашылық материалдарды, жабдық пен инвентарьды алуға және сақтауға шарттар жасау үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді, олармен құрылымдық бөлімшелердің жабдықталуын, сонымен қатар оларды жұмсау және білгіленген есептіліктің жасалуын ұйымдастырады;
6) шаруашылық мақсаттарға берілетін материалдар мен құралдардың ұтымды жұмсалуын бақылайды;
7) қызметтік іссапарға келген делегациялар мен адамдарды тіркеу мен қабылдап алуды және оларға қажетті қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
8) ғимараттың сыртын және өтпелі жерлерді мерекелік бейнелі әсемдеу, аумақты жинау мен абаттандыру жұмыстарын басқарады;
9) өткізілетін жиналыстарға, конференцияларға, семинарлар мен өзге де іс-шараларға шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
10) жұмыс күнінің тәртібін және демалыс кестесін құру, табельдік есепке алуды ұйымдастыру жұмыстарын орындайды;
11) өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын және өртке қажетті инвентарьды жарамды күйде ұстауды қамтамасыз етеді;
12) байланыс құралдарын, есептеу және ұйымдастыру техникасын енгізу бойынша шаралар қабылдайды;
13) бөлім жұмыскерлерін басқарады;
14) жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі-конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);
4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылмайды.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) әңгімелесу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарын Басқарма Төрағасымен конкурстық ауыстыру Қағидаларымен реттеледі, 21.09.2023 ж. №55 хат (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған).
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н. Назарбаев көшесі, 236 (сағат 13.00 - 14.30 түскі үзіліс).
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 24 қараша 2023 ж., сағ. 18.30- ға дейін
Анықтама телефоны: 8(7152) 50-08-15.