Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кәсіпорынның Ұлытау облысы бойынша филиалының сапа жөніндегі маманы бос лауазымына орналасу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірлігі  Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша филиалының Сапа менеджменті жүйесі бойынша секторының сапа жөніндегі маманы бос лауазымына конкурс жариялайды.

Сапа жөніндегі маман лауазымына стандарттау, метрология немесе медициналық білімі бар жоғары білімі бар немесе осыған ұқсас лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қабылданады.

Лауазымдық міндеттері:

1. Филиалда және оның құрылымдық бөлімшелерінде сапа менеджменті жүйесін енгізеді және енгізілген стандарттар талаптарының сақталуын қарайды;

2. Филиал ішінде және оның құрылымдық бөлімшелерінде сапа менеджменті жүйесінің жүйелі дамуын және жетілдіруін бақылайды;

3. Енгізілген стандарттар талаптарына сәйкестігін аккредиттеу үшін маериалдарды дайындауды ұйымдастырады, сондай -ақ аккредиттеу рәсімі сәтті аяқталғаннан кейін кезеңдік тексеру бақылауынан өтуді жоспарлайды;

4. Сандарттау, метрология, аккредиттеу және сапа менеджменті жүйесіне қатысты басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, мекемелермен және компаниялармен өзара іс қимылға қатысады;

5. Ішкі аудиттің жоспары мен бағдарламасын жасайды, сондай -ақ жоспар мен аудит бағдарламаларын Филиалдың және оның құрылымдық бөлімшелерінің мүдделі тұлғаларына хабарлайды;

6. Ішкі аудитке қатысады;

7. Басшылық сапа менеджменті жүйесін талдау үшін қажетті ақпаратты жинауды және жүйелеуді жүзеге асырады;

8. Сапа менеджменті жүйесінің процестерінің жұмыс істеуі және жалпы сапа менеджменті жүйесінің тиімділігі туралы ақпаратты талдауға және есептерді дайындауға қатысады;;

9. Филиалдың сапа менеджменті жүйесін үйлестіреді;

10. Сапа менеджменті жүйесі бойынша тоқсандық, жартыжылдық  және жылдық есептерге материалдар мен талдаулар дайындайды;

11. Филиалдың құрылымдық бөдлімшелерінде ұсыныстарды әзірлеу және жоспарлау жұмыстарын жұргізу, қызмет көрсету сапасын арттыру, аккредиттеу аясын кеңейту және аккредиттеуден өту;

12. Нормативтік құжаттарды алуды бақылайды..

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып,конкурсқа қатысуға өтінім;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Фотосуреті бар кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген) ұсыну;

4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландыратын көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық, қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы (Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті  еgоv арқылы беріледі) туралы анықтама;

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.Құжаттар пошта арқылы алынса, оларды қайтару мүмкін емес екендігін ескертеміз.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері,бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) Біліктілікті бағалау;

2) Тестілеу;

3)  Сұхбат жүргізу;

4) Конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі: 

Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірліі Санитариялық  эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК жанындағы РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен, Басқарма төрағасының 21.09.2023 жыл № 55 хатымен («Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті» РМК «Ұлттық сараптама орталығы» РМК интернет-ресурстарында орналастырылған»).

Құжаттарды қабылдау: жұмыс күндері сағат 09:00 -ден – 13:00 -ге дейін 14:30-дан – 18:00- ге дейін Жезқазған қаласы, Гурбы көшесі, - № 6 мекенжайы бойынша орналасқан.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі:  2024 жылдың 09 ақпан, сағ. 18:00-ге дейін.

Анықтама телефоны: 8 (7102) 41-02-41.