Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҰСО Алматы облысы бойынша филиалы бухгалтерінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі-Филиал) бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бухгалтері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиалдың қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Филиалдың қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі бухгалтерінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс өтіліне немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнаулы даярлыққа және есепке алу және бақылау бойынша жұмыс өтіліне талаптар қоймай қатыса алады кем дегенде 3 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

1) ақша қаражаттарының сақталуын қамтамасыз ететін қағидаларды міндетті түрде сақтай отырып, оларды қабылдау, есепке алу, беру және сақтау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру;

2) тиісті міндеттемелердің бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау, бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау мен бақылауды жүзеге асыру және оларды есептік өңдеуге дайындайды. Бухгалтерлік есеп шоттарында ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты операцияларды көрсетеді;

3) ақшалай қаражатқа түгендеу жүргізуге қатысу. Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректерді дайындау бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;

4) тапсырыс берушілерден көрсетілген қызметтер үшін ақша қабылдау, фискалдық чекті теседі, кассадағы ақша қаражатының қалдықтарын салыстырып тексереді, белгіленген тәртіппен кассадағы ақшаны, қалдықтарды түгендеуді жүргізеді. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қажетті кассалық құжаттарды жүргізеді;

5) құжаттарды ресімдеу және белгіленген тәртіпке сәйкес ақшалай қаражат алу;

6) кассалық кітаптың кіріс және шығыс құжаттары негізінде жүргізу. Ақшалай сомалардың нақты болуын кітап қалдығымен салыстыру;

7) көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушілермен салыстыру актілерін жазып, салыстыру жүргізу;

8) ақылы қызметтер көрсеткені үшін сомалар бойынша зертханалармен салыстырып тексеру жүргізу;

9) дербес шоттар бойынша үзінді көшірмелерді, сондай-ақ "Қазпошта" АҚ, Kaspibank, Homebank-тен ақшалай қаражат түсімдерін таратуды жүргізеді;

10) ЖЖМ талондарын беру;

11) мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды ресімдеу;

12) қызметтік тапсырмаларды орындау, сауалдарға жауаптар.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі-конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылмайды.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» шаруа жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директорының 2018 жылғы 21 қарашадағы №523 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы»  ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап, сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30 бастап, 18.30-ға дейін 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Абай көшесі 35А/4 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 13.05.2024 ж. сағат 18.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8 705 801 96 86.