Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҰСО филиалы заңгер лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал)  заңгер лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

1. Өз ерекшелігі бойынша құқықтық, Кадрлық жұмыс және Мемлекеттік сатып алу секторының заңгері білуге тиіс:

  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары, сондай-ақ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры бекіткен «Құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл қағидалары» ҚР ДСМ КСЭК;
  • ҚР еңбек қатынастары, Денсаулық сақтау және халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық актілер;
  • кәсіпорынның құқықтық қызметі бойынша нормативтік құқықтық құжаттар,әдістемелік және нормативтік материалдар;
  • азаматтық, еңбек, қаржы, әкімшілік құқық;
  • шаруашылық шарттарды, ұжымдық шарттарды, тарифтік келісімдерді жасасу және ресімдеу тәртібі; - заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі;
  • еңбекті қорғау ережелері мен нормалары.

2. Құқықтық, Кадрлық жұмыс және Мемлекеттік сатып алу секторының заңгері лауазымына жоғары кәсіптік (заңгерлік) білімі бар мамандығы бойынша жұмыс өтілі 2 (екі) жылдан кем емес адам тағайындалады.

Қызметтік міндеттері:

1. Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады.

2. Кәсіпорындағы құқықтық жұмыстарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, құрылымдық бөлімшелерге әртүрлі құқықтық құжаттарды дайындау мен рәсімдеуде құқықтық көмек көрсетеді, талаптарды қабылдамау кезінде негізделген жауаптар дайындауға қатысады.

3. Кәсіпорынның басқа бөлімшелерімен бірлесіп оларды сотқа, тергеу және сот органдарына беру үшін ұрлық, жымқыру, кемшіліктер, ҚР заңнамасын бұзу және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдар дайындайды, өндірістегі және орындауда аяқталған сот істерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады.

4. Шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.

5. Анықталған кемшіліктерді жою және кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметін жақсарту туралы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында талаптарды, сот және төрелік істерді қарау нәтижелерін, шарттарды жасасу және орындау практикасын зерделеуді, талдауды және қорытуды жүргізеді.

6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мен қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасу, олардың құқықтық сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмысқа қатысады, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектер туралы мәселелерді қарайды

7. Құрылымдық бөлімшелердің шағымдар мен талаптарға жауаптарды дайындау, сотқа талап-арыздарды дайындау үшін анықтамаларды, есептеулерді, түсініктемелерді және басқа материалдарды уақтылы ұсынуын бақылайды.

8. Басқа бөлімшелермен бірлесіп кәсіпорында шығарылған қолданыстағы бұйрықтарды және басқа да нормативтік актілерді өзгерту немесе күшін жою туралы ұсыныстар дайындайды.

9. Кәсіпорын қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер, нормативтік актілердің жобалары бойынша қатысады.

10. Кәсіпорын қызметкерлерін қолданыстағы заңнама және ондағы өзгерістер туралы хабардар етуді, кәсіпорын лауазымды тұлғаларын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады.

11. Кәсіпорын қызметкерлеріне құқықтық және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге жәрдемдеседі, сондай-ақ маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімімен және құқықтық жұмыс және Мемлекеттік сатып алу секторымен құқықтық жұмыс жүргізеді.

12. Материалдарды қарайды, талап арыздарды дайындайды және Мемлекеттік сатып алуға қатысты талап арыздар бойынша сотқа қатысады, сондай-ақ жеткізушілермен және Тапсырыс берушілермен наразылық жұмыстарын жүргізеді.

 13. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттардың, шарттар бойынша өтінімдердің, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуын бақылайды және қадағалайды.

14. Конкурстық, аукциондық құжаттаманы қарайды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жоспарын орындау үшін құрылымдық бөлімшелер ұсынатын техникалық ерекшелікті тексереді және қол қояды.

15. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер шарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, айыппұл санкцияларын өндіріп алу және оларды жосықсыз жеткізушілердің тізіліміне енгізу жөнінде талап - арыз жұмысын жүргізеді.

16. Белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды ресімдеу.

17. ЕҚ, ҚТ, ӨҚ, және ҚС нормаларының нұсқаулықтары мен ережелерінің талаптарын сақтау.

18. Кәсіпорын басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережесінің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (Кәсіпорынның сайтында, соңғы беттегі «Бос орындар» бөлімінде орналастырылған.);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) фотосуреті бар кадрлық есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекен -жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы ақпараттың бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;

7) конкурс Ережесінің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме (Кәсіпорынның сайтында, соңғы беттегі «Бос орындар» бөлімінде орналастырылған.).

Бұл құжаттардың бірінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Егер құжаттар пошта арқылы қабылданса, оларды қайтаруға болмайды.

Байқауға қатысушы, егер бар болса, өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпарат береді (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары).

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару;

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 81 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жыл 15 шілде, сағат 18.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8(7112) 51-00-61; 8(7112) 51-21-11