ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалы Маркетинг және коммерциялық қызметі бөлімінің қызметтер маркетингі бойынша менеджер бос орын лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары: Маркетинг және коммерциялық қызметі бөлімінің қызметтер маркетингі бойынша менеджер бос лауазымына орналасуға конкурсқа жоғары кәсіптік (экономикалық, медициналық) білімі бар және осы салада кемінде 1 (бір) жыл жұмыс істеген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1) әр түрлі маркетинг құралдары арқылы Қоғамның қызметтерін жылжытуды қамтамасыз ету;
2) шарттар жасасуға клиенттерді тарту бойынша жұмыстарды жүргізуге;
3) бағалардың бәсекеге қабілеттілігін талдауға және Кәсіпорынның Бағалар прейскурантына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізуге және т.б.;
4) жасалған шарттар бойынша ай сайынғы есеп жасауға;
5) жетекшілік ететін аудандық/қалалық бөлімдердің шарттар жасасуын бақылауды жүзеге асырады
6) техникалық шарттарды әзірлеу
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару;
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113 кабинет 414 мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2024 жылғы 8 тамыз 18-00-ге дейін.
Анықтама телефоны: 8 (714 2) 56-92-72