Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бухгалтеры бос лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы (бұдан әрі-Филиал) бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бухгалтері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бухгалтері бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық және есеп пен бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) ақша қаражатын қабылдау, есепке алу, беру және сақтау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру;

2) тиісті міндеттемелердің бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау, бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау мен бақылауды жүзеге асыру және оларды есептік өңдеуге дайындайды. Бухгалтерлік есеп шоттарында ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты операцияларды көрсетеді;

3) ақша қаражаттарын түгендеуге қатысу. Есептілікті жасауға бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректерді дайындау үшін бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;

4) тапсырыс берушілерден көрсетілген қызметтер үшін ақша қабылдау, фискалдық чекті теседі, кассадағы ақша қаражатының қалдықтарын салыстырып тексереді, белгіленген тәртіппен ақшаны, кассадағы қалдықтарды түгендеуді жүргізеді. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қажетті кассалық құжаттарды жүргізеді;

5) құжаттарды ресімдеу және белгіленген тәртіпке сәйкес ақша қаражатын алу;

6) кассалық кітаптың кіріс және шығыс құжаттары негізінде жүргізу. Ақшалай сомалардың нақты болуын кітап қалдығымен салыстыру;

7) көрсетілетін қызметтерге Тапсырыс берушілермен салыстыру актілерін жазып, салыстыру жүргізу;

8) Ақылы қызметтер көрсеткені үшін сомалар бойынша зертханалармен салыстырып тексеру жүргізу;

9) дербес шоттар бойынша үзінді көшірмелерді, сондай-ақ "Қазпошта" АҚ, Kaspibank, Homebank-тен ақшалай қаражат түсімдерін таратуды жүргізеді;

10) ЖЖМ талондарын беру;

11) мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды ресімдеу;

12) қызметтік тапсырмаларды орындау, сауалдарға жауаптар.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 160005, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Абай даңғылы, 37а ғимарат.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 20 тамыз сағат 18.30.

Анықтама телефоны: 8 (7252) 40-74-09.