Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК "Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы" филиалы (бұдан әрі – Филиал) құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыстары бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні ошақты және профилактикалық дезинфекцияны, дезинсекцияны және дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыс бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жоғары экономикалық немесе заңгерлік білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1) бір көзден, конкурстан және аукционнан баға ұсыныстарын сұрату арқылы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізеді.
2) мемлекеттік сатып алу сайттарының мониторингін жүзеге асырады.
3) дайындалған құжаттарды конкурстық комиссияға ұсынады.
4) конкурстық құжаттарды дайындауға арналған шығындарды айқындауға, әлеуетті өнім берушілер туралы ақпаратты іздеуге арналған өтінімге қатысады.
5) Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді. Конкурстық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.
6) тауардың немесе өнімнің белгілі бір түрлерін сатып алу бойынша сарапшылармен консультациялық хат алмасуды жүргізеді.
7) бюджетті жасауға, өтінім беруге және Мемлекеттік сатып алу жоспарын жасауға қатысады.
8) мемлекеттік сатып алу жоспарын мемлекеттік сатып алу сайтында орналастырады.
9) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізу мерзімдерін қадағалайды.
10) бастамашысы құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыс бөлімі болып табылатын ТЖҚ бойынша техникалық ерекшеліктерді әзірлейді.
11) конкурстар бойынша шарттарға қол қою мерзімдерін үйлестіреді.
12) уақтылы есептілікті қамтамасыз етеді.
13) өнім берушілер мемлекеттік сатып алу веб-порталына қоятын бастапқы құжаттардың ресімделуінің дұрыстығын тексереді.
14) жеткізілетін ТЖҚ-ға кіріс бақылау актілерін қалыптастырады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынады:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) әңгімелесу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарына конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорынның сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 160005, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Абай даңғылы, 37а ғимарат.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 27 қыркүйегі сағат 18.30.
Анықтама телефоны: 8 (7252) 40-74-09.