Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының Құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының заңгері бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы Құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының заңгері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары: Филиалдың Құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының заңгерінің бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары кәсіптік (заңгерлік) білімі және мамандығы бойынша кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1. Филиалдың заңды жұмысын қамтамасыз етеді;

2. Кәсіпорынның тапсырмасы, Филиал директорының өкімі бойынша Филиал қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, соның ішінде мемлекеттік сатып алу саласында түсіндіру-алдын алу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

3. Филиал басшылығы, зертхана басшылары (меңгерушілері), бөлім бастықтары дайындайтын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің және басқа да құқықтық сипаттағы актілердің жобаларын құқықтық бағалауды жүзеге асырады, оларға бұрыштама қояды, сондай-ақ қажетті жағдайларда осы құжаттарды дайындауға қатысады;

4. Қолданыстағы заңнаманы бұза отырып шығарылған актілерді өзгерту немесе жою жөнінде шаралар қабылдайды;

 5. Филиал қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындауды жүзеге асырады;

6. Филиалдың қызметкерлері мен персоналына қолданыстағы заңнаманы және оны қолдану тәртібін түсіндіруді, қызметкерлерге әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша құжаттар жасауда құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асырады;

7. Құрылымдық бөлімшелерге құқықтық сипаттағы құжаттарды дайындауда және ресімдеуде құқықтық көмек көрсетеді;

8. Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда Филиал мүдделерін білдіреді, талап-арыздарды дайындауды, сот органдарында талап-арыздарды сүйемелдеуді және сот актілерінің шешімдерін орындауды жүзеге асырады;

9. Филиалда шарттық, еңбек тәртібін нығайтуға қатысты құжаттарды әзірлеуге қатысады;

10. Контрагенттердің Филиалға олардың заңнамаға сәйкестігіне ұсынған шарттардың жобаларын әзірлеуге (қажет болған жағдайда), жасалатын шарттарды бағалауға, олармен шарттық қатынастардың нысандарын айқындауға қатысады және шарттарға құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;

11. Жалпы Филиалдың қызметіне қатысты әртүрлі мәселелер бойынша қызметтік тергеулер жүргізуге қатысады;

12.Рұқсат құжаттары мен оларға қосымшаларды ресімдеу және алу үшін электрондық алаңдарда жұмыс жүргізеді;

13. Филиалда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс жүргізеді;

14. Филиал қызметі бойынша құқықтық сипаттағы есептерді (ай сайынғы, тоқсандық, жылдық)жасайды;

15.Өтініштермен, арыздармен, шағымдармен және т. б. жұмыс істеуге, өтініш берушіге электрондық алаңдардың құралдары бойынша, сондай-ақ қағаз жеткізгіштерде уақтылы жөнелтуге жауапты;

16. Ұлытау облысының аумағында орналасқан ғимараттарға, үй-жайларға (баланстан балансқа қою, баланстан алу, шарттарды өтеусіз негізде ресімдеу) қатысты сұраныстарды ресімдейді;

17. Филиал алдында контрагенттерде пайда болған дебиторлық берешекті қайтарады;

18. Филиалдың құқықтық сүйемелдеуіне жататын сұраныстарды, өтініштерді, ақпаратты дайындайды және ОА-ға ұсынады;

19. Филиал қызметіне рұқсат құжаттарын тұтастай және жекелеген санаттар бойынша алады (медициналық лицензия алу, оған қосымша, Филиал қызметіне рұқсат құжаттарын ресімдеу және т. б.);

20. Уәкілетті органдармен бірлесіп дәрістер, семинарлар өткізеді;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынады:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 24 қазанда, сағат 18.00

Телефон арқылы анықтама алу үшін: 87212 505716