Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Әдістемелік және метрологиялық қамтамасыз ету департаментінің Техникалық регламенттердің мониторингі жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Кәсіпорынның Әдістемелік және метрологиялық қамтамасыз ету департаментінің Техникалық регламенттердің мониторингі жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналастыру конкурсына "Денсаулық сақтау" (медициналық-профилактикалық іс, гигиена және эпидемиология, Қоғамдық денсаулық сақтау, қоғамдық денсаулық, фармация) немесе "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" (Стандарттау, сертификаттау және метрология, азық-түлік өнімінің технологы) немесе "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (физикалық, химиялық, биологиялық, биохимиялық және биотехнологиялық ғылымдар) дайындық бағыттары бойынша жоғары білімі, санитариялық-эпидемиологиялық қызметте (немесе зертханалық қызметте) кемінде 2 (екі) жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қызметтік міндеттері:
1) Кәсіпорын филиалдарының Кеден одағының техникалық регламенттерінің (бұдан әрі – КО ТР) Кәсіпорын филиалдарындағы азық-түлік емес қауіпсіздігі бойынша көрсеткіштерін орындауын талдау;
2) нормативтік құжаттарды сатып алу және оларды Кәсіпорынның филиалдарына электрондық түрде уақтылы ұсыну;
3) сапа және азық-түлік емес қауіпсіздік стандарттарының талаптарын зерделеу;
4) азық-түлік емес өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі көрсеткіштерін орындау үшін сатып алынатын жабдықты негіздеу бөлігінде КО ТР талаптарына сәйкес Кәсіпорын филиалдарын жаңғыртуға қатысу;
5) жоғары технологиялық зерттеулер зертханасы мен санитариялық-гигиеналық зертхананың тамақтану гигиенасы бөлімшесінің пестицидтер мен нитраттардың қалдық саны бойынша тоқсан сайынғы, жылдық есептер мен талдаулар дайындауға қатысу;
6) тамақ және тамақ емес өнімдерді зерттеу саласындағы бейінді мамандандырылған зертханалар бойынша тоқсан сайынғы, жылдық есептер мен талдаулар дайындауға қатысу;
7) әдіснама мәселелері бойынша филиалдарға практикалық көмек көрсету;
8) симпозиумдарды, тренингтерді, семинарларды ұйымдастыру және оларға қатысу;
9) уәкілетті органның сұрау салуларына ақпарат дайындау;
10) әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасау;
11) оқуға қатысу.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылыұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 27 қараша сағат 18.00.
Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.