Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалының ақпараттық технологиялар бойынша маман лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша филиалының (бұдан әрі - Филиал) құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының ақпараттық технологиялар бойынша маман бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары: жоғары тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Кәсіби білімге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Филиал туралы ережені, Филиалдың ішкі құрылымын білу.

Лауазымдық міндеттері: компьютерлік дерекқорларды жүргізуді қамтамасыз ету; дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалану мүмкіндігін айқындайды және бейімдеуді жүзеге асырады; енгізілген бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды сүйемелдеуді жүзеге асырады; өз қызметі бойынша есеп беру нысандарын жасайды; картридждердің толтырылуын бақылайды; есептеу техникасы құралдарының жұмысқа қабілеттілігін қолдау бойынша профилактикалық жұмыстарды орындау; операциялық жүйені дамыту тұжырымдамасын әзірлейді; бірлескен міндеттерді орындау үшін өзге де бөлімдер қызметкерлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынады:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы 113, кабинет 414 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2025 жылғы 11 ақпан 18-00-ге дейін.

Анықтама телефоны: 8(714 2) 56-92-72