Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалының санитариялық-гигиеналық зертханасының тағам гигиенасы бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Филиалдың санитариялық-гигиеналық зертханасының тағам гигиенасы бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Филиалдың санитариялық-гигиеналық зертханасының тағам гигиенасы бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігерінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурсына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімі немесе жоғарғы медициналық білімі және санитариялық-эпидемиологиялық бейіні бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлігі, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Өз спецификасы бойынша санитариялық-гигиеналық зертханасының тағам гигиенасы бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері мыналарды білуі тиіс: "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"; "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодекстері; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары; "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы; Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі тәртіп пен нормалар.

Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құжаттарға, әдістемелік нұсқауларға сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу, сынақ нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету. Стандартты ерітінділердің, химиялық реактивтердің дұрыс дайындалуын бақылауды жүргізу. Зертхананың құрал-аспаптары мен жабдықтарында жұмыс істеу техникасын меңгеру. Зертханашылардың жұмысын бақылау, зертхананың жұмыс тәжірибесіне жаңа сынақ жүргізу әдістерін енгізу. Зертханада ішкі тәртіп ережелерін, тазалық тәртібін сақтау. Зертханаға бекітілген материалдық құндылықтардың, құрал-аспаптар мен құрал-жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ету. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдаудың заманауи әдістерін қолдану, халықтың денсаулығына әсер ететін негізгі факторларды анықтау. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, эпидемияға қарсы режим, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын сақтау. Зертхана қызметінің барлық түрлері бойынша өзара алмасуды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат қолма-қол немесе курьерлік пошта арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу өткізу;

3) конкурс қорытындысын шығару

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Қостанай қаласы, Әль-Фараби д, 113, 414 кабинет мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 21 шілде, сағат 18.00-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8 (7142) 56-92-72