Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының сынама қабылдау және алу бөлімінің басшысы бос орын лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) сынама қабылдау және алу бөлімінің басшысы бос орын лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Сынама қабылдау және алу бөлімінің басшысы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттау курсын аяқтағаны туралы куәлік, мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1. сынамаларды қабылдау және алу бөліміне басшылық етуді жүзеге асырады;

2. сынамаларды қабылдау, алу және жеткізу процестерін жедел басқаруды ұйымдастырады (құрамында патогенді микроорганизмдер болуы мүмкін сынамалармен жұмыс істеу рәсімдері), сынамаларды зертханаларға бөлуді жүргізеді;

3. сынақ хаттамаларын беру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

4. бөлім құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;

5. бөлім қызметі бойынша талдау жүргізеді және есептер жасайды;

6. ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық режим талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

7. зерттеулерді орындау, оның мерзімдері және хаттамаларды беру мәселелері бойынша зертхананың басқа бөлімшелерімен өз жұмысын үйлестіреді;

8. бөлімнің жұмыс жоспарларын, іс-шараларын және есептік құжаттаманы дайындауды және оның орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

9. мемлекеттік зертханалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

10. ұйым жұмысының техникалық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдау және жүйелеу, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізу;

11. зертханалық іс бойынша ұйымның бөлімшелерінің қызметін талдау, жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйымның жұмыс нысанын және әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдау;

12. кешенді бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша деректерді жинақтауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-ден 17.30-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Қонаев қаласы, Абая 35/5.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы  31 шілде сағат 17.30.

Анықтама телефоны: 8 727 722 05 71