Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы бос орын лауазымына орналасуға конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы  облысы бойынша филиалының (бұдан әрі - Филиал) метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына«Стандартизация, сертификаттау және метрология (салалары бойынша)» бағытындағы жоғары білімі немесе инженерлік-техникалық жоғары білімі, метрология және стандарттау саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады

Кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдары;

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер;

Кәсіпорынның Жарғысы;

Құжат айналымы мен құжаттаманы басқару ережелері;

Жұмысты жоспарлау әдістері;

Бөлім туралы ереже мен лауазымдық нұсқаулық;

Кәсіпорын басшысының бөлім қызметіне қатысты бұйрықтары мен өкімдері;

Персоналды басқару теориясының негіздері, іскерлік қатынас психологиясы, кәсіпорынның даму стратегиясы мен жоспарлары;

Ішкі нормативтік құжаттар;

Еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері;

Іскерлік этика;

Ішкі еңбек тәртібі ережелері;

Еңбек қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.

Қызметтік міндеттері:

  1. Метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің жұмысын басқарады;
  2. Бөлімнің тиімді жұмысын жоспарлап, ұйымдастырады;
  3. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету және зертханалық қызметті метрологиялық қамтамасыз ету мақсатында қалалық және аудандық бөлімшелерге ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді;
  4. Нормативтік құжаттардың және сапа жүйесі құжаттарының өзектілігін уақтылы жаңартуды бақылайды;
  5. Нормативтік құжаттар қорын сақтауын қамтамасыз етеді;
  6. Жабдықтарды тексеру мен өлшеу құралдарын аттестаттауды ұйымдастырып, бақылайды;
  7. Құрал-жабдықтарды және өлшеу құралдарын аттестаттауға/тексеруге дайындауға қатысады;
  8. Тексеру және аттестаттау кестесінің орындалуын бақылайды;
  9. Өлшеу құралдарын техникалық қызмет көрсету/алдын ала қарау және жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, олардың дұрыс пайдаланылуын және тиімділігін бақылайды;
  10. Зертхана меңгерушілерімен бірлесе отырып, зерттеулер/өлшемдер әдістеріне арналған жаңа нормативтік құжаттарды енгізуді, жаңа сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдарын игеруді ұйымдастырады;
  11. Филиал бөлімшелерінде қолданылатын НҚ-на бақылау жүргізіп, уақтылы қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
  12. Аттестаттау, аккредиттеу және метрология мен стандарттау саласына қатысты басқа да құжаттарды дайындауға қатысады;
  13. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының басқа құрылымдық бөлімшелерімен өз құзыреті шеңберінде өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
  14. Метрология және стандарттау бойынша есептерді уақытылы ұсынады;
  15. Сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдарын есептен шығару жөніндегі комиссия жұмысына қатысады;
  16. Зертханалар тарапынан материалдық-техникалық жабдықтауға өтінімдердің уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді;
  17. Ішкі еңбек және өндірістік тәртіп ережелерін сақтайды;
  18. Метрология және стандарттау бөлімі жұмысы бойынша есептер жасайды;
  19. Метрология және техникалық қызмет көрсету саласында мемлекеттік және өзге де органдармен өзара әрекеттеседі;
  20. Жоғары тұрған және өзге де басқару органдарының сұрауы бойынша айлық, тоқсандық және жылдық есептерді уақытылы және толық көлемде дайындайды және жолдайды;
  21. Мемлекеттік мүлікті сақтау мен дұрыс пайдалануын қамтамасыз етеді;
  22. Барлық еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтайды;
  23. Кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз етілуі саласындағы өзгерістерді қадағалайды;
  24. Тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік және өзге де сатып алу кезінде метрологиялық қамтамасыз ету бойынша техникалық құжаттаманы дайындайды;
  25. Семинарларға қатысады, біліктілігін арттыру курстарынан өтеді;
  26. Міндеттерін сапалы әрі белгіленген мерзімде орындайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 17.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Абай көшесі, 35/5 ғимарат.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы  8 тамыз сағат 17.30.

Анықтама телефоны: 8 (72772) 2-05-71