Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Уәлиханов аудандық бөлімшесінің санитариялық- гигиеналық зерттеулер зертханасының зертханашысының бос орын лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
1. Филиалдың Уәлиханов аудандық бөлімшесінің санитариялық- гигиеналық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос орын лауазымына орналастыру конкурсына «Гигиена және эпидемиология» немесе «Зертханалық диагностика» немесе «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» мамандықтарын даярлау бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
2. Өз ерекшелігі бойынша Уәлиханов аудандық бөлімшесінің санитариялық- гигиеналық зерттеулер зертханасының зертханашысы білуге тиіс:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы;
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі тәртіп пен нормалар.
Лауазымдық міндеттері:
1. Зерттеу номенклатурасына сәйкес ЭҚК және қоршаған орта объектілерінің басқа да физикалық факторларын өлшеуді, суды, топырақты, дезинфекциялау құралдарын, тамақ өнімдерін, атмосфералық ауаны, жұмыс аймағының ауасын және жабық үй-жайдың ауасын зерттеуді жүргізеді.
2. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы, тұрғын үй құрылысы аумағындағы, жер учаскелерін құрылысқа, қоршаған орта объектілеріне бөлу кезінде дозиметриялық, радиологиялық өлшеулер жүргізеді және радиациялық жағдайды бағалайды;
3. Тұрғын үй құрылысы аумағындағы радон және ПДР ағынының тығыздығын, тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы радон және ПДР концентрациясының деңгейін, радонды, судағы еншілес ыдырау өнімдерін өлшеу бойынша радиометриялық зерттеулер жүргізеді.
4. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы, тұрғын үй құрылысы аумағындағы, жер учаскелерін құрылысқа, қоршаған орта объектілеріне бөлу кезінде дозиметриялық, радиологиялық өлшеулер жүргізеді және радиациялық жағдайды бағалайды;
5. Материалдарды жинауға және өңдеуге қатысады, қажетті дайындық және көмекші операцияларды жүзеге асырады, бақылаулар жүргізеді, аспаптардың көрсеткіштерін алады, талдаулардың, өлшемдердің нәтижелерін өңдейді, жүйелейді және ресімдейді, олардың есебін жүргізеді.
6. Зерттеу нәтижелері үшін жеке жауап береді.
7. Аудандық бөлімше бастығымен, зертхана маманымен, СҚО СЭБКД мамандарымен бірлесіп жұмысты жоспарлауға қатысады.
8. Маманмен бірге жаңа зерттеу әдістерін, жаңа құрылғыларды игереді. Құрылғыларды пайдалану кезінде олардың сақталуын қадағалайды.
9. Қажетті есепке алу құжаттамасын жүргізеді.
10. Зертханалық жабдықтың жарамды жай-күйін бақылайды, тексеруге және калибрлеуге аспаптар дайындайды.
11. Өз біліктілігін арттырады, конференцияларға, семинарларға қатысады. Қызметке талдау жүргізуге, есептер жасауға, Жабдықтар, аспаптар, реактивтер және т. б. сатып алуға өтінімдер жасауға қатысады.
12. ТЖ және АҚ жұмысына қатысады, Төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыруды білуі тиіс.
13. Қоймадан аспаптарды, реактивтерді және зертханалық ыдыстарды алуды, зертханалық мүлікті түгендеуге қатысуды жүргізеді.
14. Зертханашы қоршаған орта объектілерін санитариялық-гигиеналық бақылау мәселелері бойынша Филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелерімен, филиалдың санитариялық-гигиеналық зертханасының меңгерушісімен, филиалдың радиологиялық зертханасының меңгерушісімен, зертхана маманымен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу өткізу;
3) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00 - ден 17.30-ға дейін (сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс) Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Назарбаев көшесі, 236 мекен жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 8 тамыз сағат 17.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8 7152 39-95-23