Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) аса қауіпті инфекциялар зертханасының зертханашысы бос орын лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Аса қауіпті инфекциялар зертханасының зертханашысы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсқа "Гигиена және эпидемиология" немесе "Зертханалық диагностика" немесе "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" мамандықтарын даярлау бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
Лауазымдық міндеттері:
1. Кәсіпорынның қызметін, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының жұмысын ұйымдастыруды айқындайтын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау туралы қолданыстағы заңнамасын және нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады
2. Микробиологиялық талдау жүргізуге тікелей қатысады, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігерінің білікті техникалық көмекшісі болып табылады, микробиологиялық зерттеудің бүкіл барысы бойынша жұмыстың міндеттерін, мағынасын, реттілігін түсінуге міндетті
3. Зерттеу үшін зертханаға келіп түсетін материалды қабылдайды, сұрыптайды, журналдарда тіркеуді және жазуды жүргізеді. Зерттеуге түскен материалдың жарамдылығын тексереді (оның қаптамасының дұрыстығы мен тұтастығы, жеткізудің уақтылығы, ілеспе құжаттарды ресімдеу). Зерттеу нәтижелері бар бланкілер мен тізімдерді толтырады.
4. Материалдың зерттеуге түсуін және жұмыс орнының дайындығын жасайды, материалдың бірінші себуін жүргізеді, құнарлы ортаға қайта себуін жасайды, микроскоппен қарау үшін препараттар дайындайды, серологиялық реакцияларды қояды және зерттеу кезінде жүргізілетін ережелерде және әдістемелік нұсқауларда қарастырылған басқа жұмыстарды орындайды. Құнарлы орталарды, бояуларды, реактивтерді, зарарсыздандыратын ерітінділерді дайындайды және олардың сапасына жауап береді. Құнарлы орталардың және ерітінділердің рН анықтайды. Ыдыстардың, құрал-саймандардың және құнарлы орталардың стерильдігін бақылайды, пайдаланылған материалды зарарсыздандырады, термостаттың және тоңазытқыштың температурасының тұрақтылығы мен аппаратураның қалыпты жұмыс істеуін қадағалайды.
5. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметі дәрігермен бірлесіп материалдың биологиялық зерттеуін жүргізеді: жабайы және зертханалық жануарларды жұқтыру, сою және қан алу, биосынамалы жануарларларды қарайды.
6. Шұғыл жұмыстарға қатысады: тексерілетін аймақтағы эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайды зертханалық бақылау және қадағалау, аса қауіпті жұқпалардың жайылуларына өзі немесе санитарлық-эпидемиологиялық қызметі дәрігермен, эпидемиологпен, зоологпен шығады. Объектіге барғанда зерттеуге материал алуды ұйымдастырады және жүргізеді, қажет болса – себінді жасайды.
7. Филиалда белгіленген ішкі тәртіп, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, биоқорғаныс және биоқауіпсіздік, еңбек тәртібі қағидаларын қатаң сақтайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу жүргізу;
3) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 050002, Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 3А ғимарат.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 11 тамыз сағат 18.30.
Анықтама телефоны: 8 708 165-00-24.