Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жетісу облысы бойынша филиалының Ескелді аудандық бөлімшесінің санитариялық – гигиеналық зерттеулер зертханасының зертханашы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жетісу облысы бойынша филиалының (бұдан әрі-Филиал) Ескелді аудандық бөлімшесінің санитариялық – гигиеналық зерттеулер зертханасының зертханашы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Филиалдың Ескелді аудандық бөлімшесінің санитариялық – гигиеналық зерттеулер зертханасының зертханашысы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Гигиена және эпидемиология" немесе "Зертханалық диагностика" кадрларын даярлау бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1. Зертханалық зерттеулер үшін эпидемиологиялық ошақтарға сынамалар алу: Тамақ өнімдері, тауарлар, бұйымдар, құрылыс материалдары, кең тұтынылатын тауарлар, уытты, радиоактивті және биологиялық заттар, ауыз су, сарқынды сулар, топырақ және олардың зертханалық және аспаптық зерттеулері.

2. Материалдарды жинауға және өңдеуге қатысады.

3. Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.

4. Зертханалық жабдықтың жарамды күйін бақылайды.

5. Зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулер жүргізуге жабдықтар дайындайды.

6. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу жүргізу;

3) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 17.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 040000, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Сланов көшесі, 85 А.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 11 тамыз сағат 17.30.

Анықтама телефоны: 8 777 246 04 98.