Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) Балхаш аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының эпидемиолог көмекшісі бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Эпидемиолог көмекшісі бос орнын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе медициналық техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады.
Патогенді биологиялық агенттердің I және (немесе) II патогендік тобына жататындарымен жұмыс жүргізілетін лауазымдарға орналасу үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттық курсты өткені туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру құжатының болуы қажет.
Қызметтік міндеттері:
1. Санитариялық-эпидемияға қарсы (алдын алу) іс-шараларды, халық арасында санитариялық-ағартушылық жұмыстарды, соның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды, сондай-ақ зертханалық зерттеулерге сынамалар алумен бірге объектілер мен эпидемиологиялық ошақтарды санитариялық-эпидемиологиялық тексеруді жүргізеді: азық-түлік өнімдері, тауарлар, бұйымдар, құрылыс материалдары, кең тұтыну тауарлары, уытты, радиоактивті және биологиялық заттар, ауыз су, ағынды сулар, топырақ және олардың зертханалық және аспаптық зерттеулері.
2. Патогендермен, оның ішінде аса қауіпті инфекциялармен шақырылатын жұқпалы және паразитарлық аурулар ошақтарында жұмыс істейді.
3. Патогенді микроорганизмдерді клиникалық материалдардан және қоршаған орта компоненттерінен бөліп алу бойынша зертханалық зерттеулер жүргізеді (микробиологиялық зертханалар үшін).
4. Материалдарды жинау және өңдеуге қатысады.
5. Есепке алу және есеп беру медициналық құжаттамасын жүргізеді.
6. Жұқпалы және жұқпалы емес аурушаңдықтың деректерін тіркеуді, есепке алуды және статистикалық өңдеуді қамтамасыз етеді.
7. Зертханалық жабдықтың жарамды күйін қадағалайды.
8. Зертханалық зерттеулерді, аспаптық өлшеулерді жүргізуге жабдықты дайындайды.
9. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібін, өрт қауіпсіздігін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу жүргізу;
3) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 17.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Абай көшесі, 35/5 ғимарат.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 14 тамыз сағат 17.30.
Анықтама телефоны: 8 (72772) 2-05-71