Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Абай облысы бойынша филиалы директорының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Кәсіпорынның Абай облысы бойынша филиалының директорының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына:
"Медициналық-профилактикалық іс" немесе "Санитария, Гигиена, Эпидемиология" немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Қоғамдық денсаулық" мамандықтары бойынша жоғары білім,
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша сертификаттау курсы,
Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық қызмет көрсетудің нарық конъюнктурасын, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық және ұйымдастырушылық негіздерін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау критерийлері мен көрсеткіштері, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, жұмыс тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін Кәсіпорынның актілерін білу.
Кәсіпорынның Абай облысы бойынша филиалы директорының қызметтік міндеттері:
1) Филиалдың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның ішінде Филиалдың өндірістік, кадрлық-құқықтық, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған шешімдерге, мүліктің сақталуына және тиімді пайдаланылуына, сондай - ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне толық жауапты болады.
2) Филиал қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизмін айқындайды. Көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын және бәсекеге қабілеттілігін, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін одан әрі арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа және қолда бар ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және жетілдіруді қамтамасыз етеді.
3) Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді, олардың әрекеттерін көрсетілетін қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
4) Филиалды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды.
5) Филиал қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде филиал жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
6) Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде Ұжымдық шарттың орындалуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
7) Кәсіпорын қызметінде заңдылықтың сақталуын, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайтуды қамтамасыз етеді.
8) Филиал қызметкерлерін кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттаудан өткізуді бақылауды жүзеге асырады.
9) Кәсіпорын атынан шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды.
10) Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша филиалдың барлық қызметкерлері үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
11) Филиалды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұсынады.
12) Әдеп нормаларының, ішкі еңбек тәртібінің талаптарының орындалуын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау қауіпсіздігін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтауды қамтамасыз етеді.
13) Филиалдың уақтылы есеп беруін қамтамасыз етеді.
14) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, оның ішінде е-Өтініш платформасында жауаптардың уақтылы берілуін, әлеуетті өнім жеткізушілерден филиалдың тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша өтініштерді, шағымдарды қарауды және олар бойынша жауаптарды қарауды, Басқарма Төрағасының нұсқаулары мен хаттамалық тапсырмаларын орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
15) Филиал қызметіне рұқсат құжаттарының уақтылы алынуын бақылауды жүзеге асырады (лицензия, хабарлама, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды, диагностикалық жұмыстарды жүргізуге арналған режимдік комиссияның рұқсаты);
16) Зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырыстың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
17) Адамның жұқпалы және паразиттік аурулары ошақтарында ошақтық дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырыстың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
18) ББҚК порталының (қызметтер тарификаторының) сапалы және уақтылы толтырылуын бақылауды жүзеге асырады;
19) Филиалдың мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде ұйымдастырады.
20) Ақылы қызметтер көрсетуден түсетін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді (ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық) кірістер жоспарлары мен ақшалай қаражат түсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
21) Филиалдың Облыстық зертханалық кеңесінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.
22) Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау бойынша жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын анықтайды.
23) Облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізуге қатысу, санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуге, инфекциялық және паразиттік ауруларды диагностикалауға қатысу мәселесі бойынша жұмысты бақылайды;
24) Аурулар тараған және басқа да төтенше жағдайлар кезінде зертханалық бақылауды қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмысты ұйымдастырады.
25) Кеден Одағының техникалық регламенттерінің көрсеткіштерін орындау жөніндегі жұмысты бақылайды;
26) Филиал мен оның бөлімшелерінің сапа менеджменті жүйесін енгізу мен қолдауды бақылауды жүзеге асырады;
27) Халықаралық стандарттар талаптарының орындалуын, рәсімдердің сақталуын, аккредиттеу өткізілуін және мерзімдерін бақылауды жүзеге асырады.
28) Филиалдың жұмыс жоспарларын, Филиалдың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, филиал қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, филиал қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін бекітеді.
29) Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметтердің әлеуетті тұтынушыларын ақпараттандыру және қызметтерді сатуды ілгерілету үшін жарнамалық іс-шаралардың өткізілуін бақылауды жүзеге асырады;
30) Салық органына жеке тұлғаның (және жұбайының/зайыбының) активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды уақтылы ұсынады, кейін декларацияны тапсыру туралы хабарламаның көшірмесін Кәсіпорынның қызметкермен жұмыс және іс жүргізу департаментіне ұсынады.
31) Филиалда сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты бақылауды жүзеге асырады.
32) Кәсіпорынның бюджеттік өтінімдеріне және даму жоспарына өтінімдерді толық және негізді ұсынуды қамтамасыз етеді.
33) Түсетін ақша қаражаттарының есебін жүргізуді, тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін жүргізуді, негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың түгендеуін жүргізуді, бюджетке және Зейнетақы қорына салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің уақтылы төленуін қамтамасыз етеді.
34) Филиалдың материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері бойынша қызметін бақылайды;
35) Филиалдың аудандық бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді бақылауды қамтамасыз етеді;
36) Негізгі қорларды (ғимараттарды, сумен жабдықтау жүйелерін, ауа құбырларын және басқа да құрылыстарды) ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеуге, оларды филиал директорына бекітуге бере отырып, шаруашылық шығыстарының сметаларын жасауға қатысады;
37) Аудиторлық тексерулер қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылайды және қамтамасыз етеді және Орталық аппаратқа аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша орындалу барысы және қабылданған шаралар туралы ақпарат береді.
38) Үшінші тұлғаларға таратылуға жатпайтын құжаттардың құпиялылық режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару;
5) тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің директоры және / немесе директордың орынбасары лауазымына тағайындау.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 17.30-ға дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 21 тамыз сағат 17.00.
Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.