Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) санитариялық-гигиеналық зертханасының зерханашысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Санитариялық-гигиеналық зертханасының зерханашысы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына «Гигиена және эпидемиология» немесе «Зертханалық диагностика» немесе «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» кадрларын даярлау бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қызметтік міндеттері:
1. Қоршаған орта объектілерін зертханалық бақылау бойынша ақпарат жинауға қатысу.
2. Сынамаларды іріктеуге қатысу, сынамаларды зертханаға қабылдау.
3. Зертхана есептерін дайындауға қатысу.
4. Сынамаларды іріктеуге шығу, сынамаларды іріктеудің дұрыстығы және оларды уақтылы жеткізу.
5. Сынамаларды зертханаға қабылдау, оларды журналға тіркеу.
6. Реактивтерді дайындау және олардың дұрыс сақталуы.
7. Неғұрлым аз күрделі зерттеулерді орындау, зерттеу нәтижелерін өңдеу, хаттамаларды беру.
8. Ыдысты жуу сапасын бақылау.
9. Зертханалық жабдықтардың жұмысын қадағалайды және онда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дәрігерінің, маманның басшылығымен сауатты жұмыс істейді. Күмәнді айғақтар болған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дәрігеріне, маманға және зертхана меңгерушісіне хабарлауға.
10. Жұмыс орнында, бөлімшеде тазалықты және тәртіпті қадағалайды, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтайды.
11. Зертханадағы жұмыс әдістерін жетілдіру бойынша іс-шараларды өткізуге қатысады.
12. Аттестаттау алдындағы, аккредиттеу дайындығы бойынша жұмысқа қатысу.
13. Химиялық реактивтерге, химиялық ыдысқа және басқа да шығыс материалдарына өтінімдер жасауға қатысу.
14. Химиялық реактивтерге және химиялық ыдыстарға ревизия жүргізеді.
15. Жаңа ММ, МЕМСТ және т.б. сәйкес зерттеулердің жаңа әдістерін игереді.
16. Зертханалық іс және АҚ бойынша семинарларға қатысу.
17. Өзінің білімі мен кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отыру.
18. Өнімді сынауға зертханалық ыдысты, қажетті аппаратураны, ерітінділерді дайындау;
19. Өнімнің сыналатын үлгілерін тиісінше сақтауды, тасымалдауды, қайтаруды (есептен шығаруды) қамтамасыз ететін рәсімдерді жүзеге асыруға;
20. АО менеджмент жүйесінің ішкі аудитін жүргізуге және аудит нәтижелері бойынша түзету іс-шараларын дайындауға қатысу;
21. Жаңа стандарттарды, техникалық шарттарды және оларға өзгерістерді уақтылы енгізуді және игеруді қамтамасыз етуге қатысу;
22. Өз жұмысы бойынша зерттеу нәтижелерін жинақтауды жоспарлауға қатысу;
23. Ақпараттық қауіпсіздік және биоқорғаныс және биоқауіпсіздік жүйелерінің талаптарын сақтау.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу өткізу;
3) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Өскемен қаласы, Н. Назарбаев данғылы, 17 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жыл 05 қыркүйек, сағат 17.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: 8(7232) 76-78-61.