Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы (бұдан әрі – Филиал) құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Филиалдың құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына информатика, байланыс, техникалық, ақпараттық жүйелерді басқару мамандықтары бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) серверлердің, компьютерлердің, перифериялық жабдықтардың, филиалдың жергілікті желісі мен ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жұмыс процесінде туындайтын бұзушылықтарды жою жөнінде жедел шаралар қабылдайды;

2) қажетті деректерді дайындауды жүзеге асырады және ақпараттық жүйелерді және оның жекелеген кезеңдерін, кіші жүйелерді жобалауға, техникалық және жұмыс жобаларын әзірлеуге техникалық тапсырма жасауға қатысады;

3) пайдаланушыларды тіркейді, идентификаторлар мен парольдерді тағайындайды. Пайдаланушылар тізімін және олардың қол жеткізу құқықтарын тікелей басшымен келіседі;

4) пайдаланушыларға мыналар бойынша шектеулер қояды: а) жұмыс станциясын немесе серверді пайдалану; б) ресурстарды пайдалану дәрежесі;

5) филиалдың ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларды жедел қолдауды жүзеге асыру, пайдаланушыларды филиалдың ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеуге үйретеді;

6) деректерді уақтылы көшіруді және резервтеуді жүргізеді;

7) жүйеде компьютерлік вирустардың бар-жоғын үнемі тексеруді орындайды;

8) желілік жабдықты Бөгде ұйымдардың мамандарымен монтаждауды бақылауды жүзеге асырады;

9) компьютерлік желінің мониторингін жүзеге асырады, желі инфрақұрылымын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

10) ақпараттық желідегі жұмыс тәртібінің және ақпараттық технологиялар саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

11) өзінің тікелей басшысына желіні теріс пайдалану жағдайлары және қабылданған шаралар туралы хабарлайды;

12) ақпараттық жүйелердегі бас тартулар мен бұзушылықтардың себептерін зерделейді, оларды жою және алдын алу, ақпараттық жүйелердің сапасы мен сенімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

13) филиалдың стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуін, дербес компьютерлерін және түрлі перифериялық жабдықтарын орнату, баптау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

14) аппараттық және бағдарламалық іркілістерді жедел жою, антивирустық бағдарламаларды орнату және филиалдың антивирустық базаларын жаңарту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру және ұйымдастыру;

15) бағдарламалармен жұмыс істеуге арналған нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысу және барлық қажетті техникалық құжаттамаларды ресімдеу;

16) Филиалдың ағымдағы және перспективалық міндеттерін орындау;

17) өзінің лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы орындауға міндетті.

Жергілікті электрондық желіде олардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін Филиалдың құрылымдық бөлімшелерін техникалық қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру кезінде маман міндетті:

1) филиалдың жергілікті желісін сүйемелдеу және кеңейту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға;

2) филиалдың ақпараттық жүйелерінің, компьютерлік техникасы мен перифериялық жабдықтарының үздіксіз және сенімді жұмысын қамтамасыз ететін профилактикалық және Диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыруға

Филиалдың құрылымдық бөлімшелерін қажетті компьютерлік, көшіру-көбейту және басқа да электрондық ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру кезінде маман:

1) Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің компьютерлік, көшіру-көбейту және басқа да электрондық ұйымдастыру техникасына қажеттіліктеріне талдау жүргізу және қорыту жөніндегі жұмыстарды орындауға міндетті;

2) Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын автоматтандыру үшін қажетті техниканың сапасы, саны, құрамы және конфигурациясы туралы ұсынысты әзірлеуге қатысу.

3) пайдаланушылардың есептеу, көшіру-көбейту және басқа да электрондық ұйымдастыру техникасын пайдалану қағидаларының сақталуын іріктеп бақылауды жүргізуге міндетті.

Филиалды телефон және басқа да электрондық байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру кезінде маман:

1) Байланыс ұйымына техникалық көмек және консультация беруге;

2) телефон жабдықтарын соңғы пайдаланушыларға қосуды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап. сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 17.30-ға дейін жүргізіледі. мекен-жайы: инд.080012, Тараз қаласы, Әйтеке би көшесі, 13, 3 қабат 306 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 8 қыркүйек сағат 17.30.

Анықтама телефоны: 8 (72 62) 54-62-06.