Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Маркетинг және сараптамалық қызмет департаментінің маманы бос орын лауазымына орналастыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Маркетинг және сараптамалық қызмет департаментінің маманы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Маркетинг және сараптамалық қызмет департаментінің маманы бос орын лауазымына орналастыру конкурсына бизнес, басқару және құқық дайындау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, маркетинг бойынша қосымша даярлығы бар, мамандығы бойынша кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

1) Кәсіпорынның жалпы стиліндегі филиалдарда одан әрі бақылаумен және үйлестірумен тұтынушыларға қызмет көрсететін кіреберіс топтарды, ішкі үй-жайларды, қызметкерлердің сыртқы түрін, кеңсе тауарларын, фирмалық бланкілерді және тұтынушылар көзбен көретін басқа заттарды жобалау бойынша жұмыстарды жүргізу;

2) ақылы қызметтер бөлігінде филиалдардың сипаттамаларын өзгерту жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;

3) Кәсіпорын филиалдарының маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімдеріне қатысты сүйемелдеу, консультациялық – ұйымдастырушылық және өзге де іс-қимылдар;

4) Кәсіпорынның маркетингтік қызметі бойынша ағымдағы, ұзақ мерзімді және стратегиялық даму жоспарлары мен іс-шараларының орындалуын әзірлеу, үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;

5) филиалдардың маркетингтік қызметінің нәтижелерін және оларға әсер ететін факторларды талдау;

6) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және өзге де жоғары тұрған ұйымдарға есептер мен ақпараттар дайындау;

7) барлық филиалдардың маркетингтік қызметін жедел ақпараттық қамтамасыз ету;

8) Кәсіпорын мен филиалдардың жарнамалық қызметінің барлық түрлері бойынша жұмысты жүзеге асыру;

9) Кәсіпорынның сауда маркасын дамыту бойынша жұмыс;

10) Ақылы қызметтерден түсетін кірісті арттыруға әсер ететін Кәсіпорынның жаңа жобалары бойынша жұмыс;

11) ақылы қызметтер көрсету рәсіміндегі барлық елеулі өзгерістер бойынша жұмыс;

12) тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша филиалдар үшін стандартталған жарнамалық позицияларды орталықтандырылған сатып алу жөніндегі жұмыс;

13) филиалдардың тендерлерге, конкурстарға және т.б. қатысуын, сондай-ақ Кәсіпорын атынан тендерлерге қатысуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс;

14) прейскурант бойынша, оның ішінде ұсынылатын жеңілдіктер бойынша барлық өзгерістер бойынша жұмыс;

15)  ірі клиенттермен Кәсіпорын деңгейінде шарттар жасасу бойынша жұмыс (Бас кеңселер, қызмет көрсету көлемі бойынша);

16) құзыреті шеңберінде Кәсіпорын филиалдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

17)  маркетингтік зерттеулер жүргізу;

18)  Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау. 

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1)    біліктілік бағалау;

2)    тестілеу;

3)    сұхбаттасу өткізу;

4)    конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 17.30-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 30 қыркүйек сағат 17.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.