Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының экономист бос орын лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы қаласы бойынша филиалы (бұдан әрі-Филиал) экономика және жоспарлау секторының экономист бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиалдың қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Филиалдың қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Экономика және жоспарлау секторының экономист бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына жоғары (экономикалық) білімі және мамандығы бойынша 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) Кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу, үнемдеу режимін қамтамасыз ету, өндірістің рентабельділігін, бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыру, ысыраптар мен өнімсіз шығындарды жою шараларын әзірлеу;

2) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының ұтымды және үнемді пайдаланылуын қадағалау;

3) бюджеттік өтінімді,  даму жоспарын, төлемдер мен міндеттемелерді қаржыландырудың егжей-тегжейлі жоспарын жасау;

4) даму жоспарын құруға, қорғауға, сондай-ақ жоғары ұйымдардың алдында және сұраныс орнында Филиалдың экономикалық мүдделерін білдіруге жауапты болу. Жалпы филиал бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын бақылау;

5) көрсетілетін қызмет көлемінің өсуін қамтамасыз ету және пайданы арттыру мақсатында кәсіпорынның шаруашылық, қаржылық, өндірістік және коммерциялық қызметінің жобаларын (бизнес-жоспарларын) дайындау үшін бастапқы мәліметтерді дайындау;

6) штаттық, қаржылық тәртіпті, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстар сметасын, құжаттардың заңдылығын, олардың ресімделуін және белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қатаң сақтау бойынша жұмыстарды жүргізу;

7) қаражаттардың кірістері мен шығыстары, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы, басқа да экономикалық және статистикалық есеп берулер туралы бухгалтерлік балансты және жедел жиынтық есептерді жасауға қатысу, оларды белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға ұсыну.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 17.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 050002, Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 3А ғимарат.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 01 қазан сағат 17.30.

Анықтама телефоны: 8 708 165-00-24.