Ержанова Эльвира Уразбаевна
Туған күні: 1977 жылғы 22 қараша
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- Ақтөбе медициналық училищесі – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша медициналық мейіргер (Ақтөбе қ.);
- Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы – «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша дәрігер-гигиенист-эпидемиолог (Ақтөбе қ.);
Еңбек өтілі:
-
1995–1996 жж. – Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станция – санитар дәрігердің көмекшісі;
- 1996–1999 жж. – №2 қалалық балалар емханасы – мейіргер;
- 1999–2005 жж. – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы – «Медициналық-профилактикалық іс» (күндізгі оқу түрі);
- 2005–2008 жж. – Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы – ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің дәрігер-медстатисті;
- 2008–2009 жж. – ҚР ДСМ СЭБК «Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» – материалдық-техникалық жабдықтау және вакциналарды сақтау бөлімінің меңгерушісі;
- 2009–2015 жж. – ҚР ДСМ СЭБК «Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» – ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері;
- 2015–2020 жж. – ҚР ҰЭМ ТҚҚК МКК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы – бактериологиялық зертханадағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері;
- 2020–2025 жж. – ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы – вирусологиялық зертхана меңгерушісі;
- 2025 жылдан бүгінгі күнге дейін – ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы – директордың орынбасары.
Мемлекеттік наградалары, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары:
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшиннің медицина қызметкерлері күніне арналған Құрмет грамотасы;
- ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Бас директоры К. Балықбаевтың медицина қызметкерлері күніне арналған Құрмет грамотасы;
- Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаровтың «Алғыс хаты».