СҚО туляремияны алдын алу бойынша шаралар жүргізілді
В СКО проведены мероприятия по профилактике туляремии 16.05.2019

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында адамдардың туляремиямен аурудың алдын алу мақсатында ҰСО Дезинфекция орталығының мамандары алдын алу барьерлік дератизация жүргізді.

СҚО аумағында халық арасында туляремия ауруына шалдығу қаупі бар табиғи ошақтар бар. Кеміргіштер, кене және қан сорғыш жәндіктер санының көбеуіне ықпал ететін жағдай туындаған жағдайда эпизоотиялық процестің белсенділігі артуы мүмкін. Эпидемияны болдырмаудың тиімдісі алдын алу шараларының бірі дератизациялық жұмыстар жүргізу және кеміргіштер мен күресу, сондай-ақ кенелер санын төмендетуге бағытталған акарицидтік өңдеулер жүргізу. Аталмыш алдын алу шараларының уақытында жүргізілуі халықтың туляремиямен ауру қаупін азайтады.

Барлығына бәлім болғандай, туляремия –  бұл індеттің кіру жолына қарай (көз, өкпе, тері, асқазан-ішек жолдары) лимфа түйіндерінің және басқа мүшелердің зақымдалуымен сипатталатын өткір індетті ауру.

Мұнымен, 2017 жылы облыста туляремиямен аурудың бір жағдайы тіркелді. 2018 жылы 1 тасымалы жағдай тіркелген болатын, 2019 жылдың өткен мерзімінде ауру жағдайлары тіркелмеген.

Бүгінгі таңда облыста көлемі 800 га құрайтын Жамбыл ауданының Троицкое с. қарасты аймақ анықталып, Дезинфекция орталығымен аталмыш аймақта алдын алу барьерлік дератизацияның 1 кезеңі басталды.