ҰСО ұнның фортификациясын анықтау бойынша 950 зерттеу жүргізді
950 исследований на определение фортификации муки провели в НЦЭ 30.01.2023

ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК өткен жылдың 12 айында азық-түлік қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде республика бойынша ұнның фортификациясын анықтау бойынша 950 зерттеу жүргізді.

2022 жылы ҰСО зертханаларында 397 ұн сынамасы зерттелген. Отандық өндірушілердің өнімінен алынған 336 сынаманың 95 сынамасы нормативтік талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Сондай-ақ ТМД елдерінен әкілеінген ұнның 61 сынамасынан 11 сәйкессіздік белгілі болды.

Зерттеу нәтижелері өндірушілердің ұнды премикспен байыту үрдісін сақтамайтынын көрсетті.

Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерінің көпшілігі технологиялық өңдеу нәтижесінде өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтатынын есте ұстаған жөн және оларды қалпына келтірудің ең жақсы жолы - ұнды витаминдермен және микроэлементтермен байыту.

Сол сбепті фортификация ұн тарту кезінде өнімнің сапасы мен тағамдық құндылығын жақсартатын витаминді-минералды кешеннің премикс деп аталатын шағын мөлшерін енгізу процесі болып табылатын пайдалы процесс.