Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және маркетинг бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялау

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы (бұдан әрі-Филиал) дезинфекциялық шараларды және маркетингті ұйымдастыру, жоспарлау бөлімінің бөлім басшысы бос лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні ошақтық және профилактикалық дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу.

Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

Дезинфекциялық шараларды және маркетингті ұйымдастыру, жоспарлау бөлімінің бөлім басшысы бос лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

Дезинфекциялық шараларды және маркетингті ұйымдастыру, жоспарлау бөлімінің бөлім басшысы бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және маркетинг саласындағы мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Дезинфекциялық шараларды және маркетингті ұйымдастыру, жоспарлау бөлімінің бөлім басшысының лауазымдық міндеттері:

Филиалдың маркетингтік саясатын әзірлейді; жарнама қызметінің жоспарын әзірлейді; Филиалдың жарнамалық қызметі бойынша маркетинг саясаты мен жоспарын енгізуге бағытталған іс-шаралар мен акцияларды ұйымдастырады және өткізеді; Кәсіпорын филиалының қызметкерлерін қажетті жарнамалық өнімдермен қамтамасыз етуді және ұйымдастыруды жүзеге асырады; Филиалдың жарнамалық қызметінің тиімділігін талдайды; Филиал қызметтері бөлінісінде тұтынушылар, бәсекелестер нарығына талдау жүргізеді; маркетинг қызметіне қатысты ақпаратты жинау және талдау, маркетинг бөлігі бойынша ақпараттық базаны құру бойынша барлық бөлімдердің қызметін үйлестіреді; клиенттерге қызмет көрсету бойынша филиалдың қызметін үйлестіреді; клиенттік базаны ұлғайту бойынша филиалдың қызметін үйлестіреді; телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу, кездесулер және басқа да коммуникация құралдары арқылы клиенттерді тарту бойынша жұмысты жүзеге асырады; клиенттерден келіп түсетін кемшіліктерді жоюды бақылайды; бөлім қызметкерлерінің ақпаратты, есептерді уақытылы ұсынуын, оның ішінде ақпаратты ресми сайттарда және әлеуметтік желілерде орналастыруын бақылайды; контрагенттермен ақылы қызметтер көрсетуге шарттар жасасады; дезинфекторлардан орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) есептері мен актілерін қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі-Конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы Конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылмайды.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсынымдар) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 523 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Универсальная көшесі, 3а мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2022 жылғы 30 қыркүйек сағат 18.30.

Анықтама телефоны: 8(7152) 31-29-57.