Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының құқықтық, кадрлық жұмыстары және мемлекеттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманының бос орын лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының құқықтық, кадрлық жұмыстары және мемлекттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады. 

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының құқықтық, кадрлық жұмыстары және мемлекттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары тиісті мамандық (экономика, құқықтану) бойынша білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. 

Мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс жасаған маман болуы шарт.

Кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, ережелері мен нормаларын білу.

Кәсіпорынның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының құқықтық, кадрлық жұмыстары және мемлекттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманының қызметтік міндеттері:

1.1. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу.Тендерлерге келісімшарттарға қол қою мерзімдерін келісу;

1.2. Есеп беруді уақтылы қамтамасыз ету;

1.3. Тендерлердің нәтижелерін бақылау;

1.4. Дайындалған құжаттарды конкурстық комиссияға ұсыну;

1.5. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде өнімдердің нарықтық зерттеулерін жүргізу

1.6. Microsoft office (Word, Excel, Outlook, т.б).  кеңсе қосымшаларын еркін білу.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен беріледі);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса, конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса, ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару;

5) тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің құқықтық, кадрлық жұмыстары және мемлекттік сатып алу секторының мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманының лауазымына тағайындау.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2018 жылғы 21 қарашадағы №523 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.30-дан 12.30-ға дейін және 14.00-ден 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 191/4 үй, 4 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2023 жылғы 11 қаңтары сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7112) 510061