Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы облысы бойынша филиалының (бұдан әрі - филиал) маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің басшысысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы облысы бойынша филиалының маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары: Санитариялық-гигиеналық бейіндегі жоғары білімінің, экономикалық немесе маркетинг саласында қосымша мамандандырылған жоғары білімінің болуы. Жұмыс өтілі мамандығы бойынша кемінде 3 жыл өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімі басшысының кәсіби біліміне қойылатын талаптар: Бөлім басшысы білуі қажет:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары, халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мәселелерді регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
  • Кәсіпорынның жарғысын;
  • құжаттау және құжаттаманы басқару Ережелерін;
  • жұмыстарды жоспарлау әдістері;
  • бөлім туралы ереже және осы Нұсқаулықты;
  • бөлім қызметіне қатысты Кәсіпорын директорының бұйрықтары мен өкімдерін;
  • персоналды басқару теориясының негіздері, қарым-қатынас психологиясы, мақсаттары,
  • Кәсіпорынның даму стратегиясы және даму жоспарын;
  • жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша мәселелерді реттейтін Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарын;
  • еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;
  • іскерлік қарым-қатынас этикасын;
  • ішкі еңбек тәртібінің ережелерін;
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын.

Лауазымдық міндеттері: Кәсіпорын филиалының маркетингтік саясатын және жарнамалық қызмет жоспарын әзірлеу;

  • жарнамалық іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
  • Кәсіпорын филиалының жарнамалық қызметі бойынша маркетинг саясаты мен жоспарын енгізуге бағытталған іс-шаралар мен акцияларды ұйымдастыру және өткізу;
  • Кәсіпорын филиалының қызметкерлерін қажетті жарнамалық өнімдермен қамтамасыз етуді және ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  • кәсіпорын филиалының жарнама қызметінің тиімділігін талдау;
  • кәсіпорын қызметтері бөлінісінде тұтынушылар, бәсекелестер нарығына талдау жүргізу;
  • маркетинг қызметіне қатысты ақпаратты жинау және талдау, маркетинг бөлігі бойынша ақпараттық базаны құру бойынша барлық бөлімдер мен зертханалардың қызметін үйлестіру;
  • клиенттерге қызмет көрсету бойынша кәсіпорын филиалының қызметін үйлестіру;
  • клиенттік базаны ұлғайту бойынша кәсіпорын филиалының қызметін үйлестіру;
  • телефон арқылы сөйлесу, хат алмасу, кездесулер және басқа да коммуникация құралдары арқылы клиенттерді тарту бойынша жұмысты жүзеге асыру;
  • клиенттерден түсетін кемшіліктерді жоюды бақылау, қызмет сапасы мен олардың орындалу мерзіміне қатысты клиенттердің шағымдары мен ұсыныстарына жауап беруді ұйымдастыру және бақылау;
  • клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру және тұтынушылармен жұмыс кезінде персоналдың іс-қимылын қажетті бағыттарда қайта құру мүмкіндігі мақсатында филиал қызметкерлерінің жұмыс әдістерін зерттеу;
  • бағалардың бәсекеге қабілеттілігін талдау және кәсіпорын филиалының прейскурантын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу;
  • кәсіпорынның фирмалық стилін және жарнамалық өнімдерді фирмалық рәсімдеуді қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу, сондай-ақ фирмалық стиль бойынша өзгерістерді енгізуді ұйымдастыру;
  • бөлім қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру және бөлім жұмысының сапасына, жеделдігіне және ұйымдастырылуына бақылауды жүзеге асыру;
  • жоғары тұрған ұйымдардың сұрау салулары бойынша ақпарат дайындау және ұсыну;
  • кәсіпорын филиалының тендерлерге қатысуын ұйымдастыру;;
  • кәсіпорын филиалының материалдық-техникалық базасының жай-күйін жақсарту және кәсіпорын филиалының іске асырылуын ұлғайтуға ықпал ететін іс-шаралар бойынша жұмысты үйлестіру және бюджетті қалыптастыру ;
  • кәсіпорын филиалының коммерциялық қызметінің тиімділігін арттыру және дамыту үшін мүмкіндіктерді анықтау мақсатында ақылы қызметтер көрсеткіштерін талдау;
  • аудандық бөлімшелерге және басқа да тұтынушылармен жұмыс саласында практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
  • коммерциялық үдерістер және кәсіпорын филиалының ақылы қызмет көрсетуіне тартылған қызметкерлер үшін алгоритмдер мен рәсімдерді әзірлеу;
  • ақылы қызметтердің іске асырылуын арттыруға бағытталған жаңа қызметтер мен өзге де жобаларды әзірлеу және енгізу жөніндегі қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген) ;

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен беріледі);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік Кәсіпорынның (бұдан әрі-Кәсіпорын) Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы №369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін Алматы облысы, Қонаев қаласы, 5 шағын ауданы 1 үй мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 05.05.2023 ж. 18-00-ге дейін.

Анықтама телефоны: 8(72772) 4-53-50