Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК "Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы" филиалы (бұдан әрі – Филиал) құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыс бөлімінің заңгері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні ошақты және профилактикалық дезинфекцияны, дезинсекцияны және дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыс бөлімінің заңгер бос лауазымына орналасуға кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз заңгер лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
1) филиалдың қол қоюға ұсынылған бұйрықтардың, нұсқаулардың және басқа да құқықтық және өзге де актілердің (құжаттардың), сондай-ақ келісімдердің (келісімшарттардың, шарттардың) жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеруге; тексерілген келісімдерге (келісімшарттарға, шарттарға) және басқа құжаттарға қол қою;
2) филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету үшін құқықтық құралдарды пайдалануға;
3) заңнаманы түсіндіруге, филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне және қызметкерлеріне құқықтық көмек көрсетуге, мүдделі тұлғаларды құқықтық мәселелер бойынша хабардар етуге және кеңес беруге;
4) филиалдың заңды құқықтары мен мүдделерін заңды тәсілдермен қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдарда, меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының, басқа да мемлекеттердің ұйымдарында оның мүдделерін білдіруге;
5) филиалдың шаруашылық қызметінде қолданылуы мүмкін ұсынымдарды дайындайды;
6) дербес немесе филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ жеке сипаттағы аса маңызды және күрделі құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларды құқықтық қолдауды қамтамасыз етуге міндетті;
7) филиалға келіп түскен құқықтық құжаттардың жобаларын, оның ішінде филиалдың басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелерін тарта отырып, қарау (рецензирование);
8) филиал қызметіне байланысты жасалған шарттарға (келісімшарттарға, келісімдерге), халықаралық шарттарға (келісімшарттарға, келісімдерге) және жобаларға қатысты басқа да құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу, оларды дайындауға қатысу, Директорға жасалған жоғарыда көрсетілген құжаттардың шарттарына сәйкестігіне бақылауды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
9) талап қою-арыз жұмысын жүргізу және Қоғамның мүдделерін қорғау мақсатында талап қоюшы немесе жауапкер ретінде сот істеріне қатысуға;
10) филиалдың қызметін жетілдіру мақсатында жаңа әдістерді іздестіру және жұмысына талдау жүргізу;
11) заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге, қолданыстағы заңнаманың бұзылуына жол бермеуге бағытталған шараларды әзірлейді және оларды филиал басшылығының қарауына енгізеді;
12) филиал басшылығының құқықтық мәселелер бойынша тиісті өкімдері негізінде жүргізілетін филиалдардың қызметін тексерулерге қатысуға;
13) қажет болған жағдайда отырыстар мен кеңестерге талдамалық есептерді, ақпараттарды, презентацияларды және басқа да материалдарды, сондай-ақ филиал басшысының сөз сөйлеулеріне тезистерді дайындауға қатысуға;
14) кіріс хат-хабарлар бойынша материалдарды уақтылы дайындауға қатысу, қажетті ақпаратты (есептерді, материалдарды), оның ішінде филиалдың құрылымдық бөлімшелерінен филиал құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұратуға;
15) құрылтай құжаттарын әзірлеуді, тіркеуді және оларға өзгерістер енгізуді жүзеге асырады;
16) филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, филиал қызметін жүзеге асыру үшін қажетті рұқсаттарды алуға өтінімдерді, өтініштерді дайындайды;
17) заңнаманы түсіндіруге, филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне және қызметкерлеріне құқықтық көмек көрсетуге, мүдделі тұлғаларды құқықтық мәселелер бойынша хабардар етуге және консультация беру;
18) филал директорының тапсырмаларына сәйкес филиалдың функцияларынан туындайтын өзге де міндеттерді орындайды;
19) филиалдың ішкі қызметін реттейтін құжаттардан туындайтын өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат қолма-қол немесе курьерлік пошта арқылы келесі құжаттарды ұсынады:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығ» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (кәсіпорынның сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 160005, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Абай даңғылы, 37а ғимарат.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 9 қазанында сағат 18.30.
Анықтама телефоны: 8 (7252) 40-74-09.