Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақ департаментінің директоры бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Кәсіпорынның Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақ департаментінің директоры бос орын лауазымына орналастыру конкурсына «Бизнес, басқару және құқық» немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі бар,
«Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілігін арттыру (қайта даярлау) туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» және (немесе) «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, басшы лауазымдарда немесе денсаулық сақтау саласындағы тиісті қызмет бағыты бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қызметтік міндеттері:
1) Кәсіпорынды дамытудың тиімді стратегиясын әзірлеу және оны іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің Даму стратегиясын іске асыру тиімділігіне мониторинг жүргізуді жүзеге асыру және бағалау;
3) өзгеретін жағдайларды ескере отырып Даму стратегиясын уақтылы өзектендіруді жүзеге асыру;
4) Кәсіпорынның стратегиялық құжаттарының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
5) Кәсіпорынның стратегиялық құжаттарын және жедел жоспарларын әзірлеу;
6) Кәсіпорынның стратегиялық құжаттарының іске асырылуын үйлестіру және бақылау;
7) Департаментке жүктелген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын бақылау;
8) тәуекелдерді басқару жөніндегі Кәсіпорынның ішкі құжаттарына сәйкес тәуекелдерді сәйкестендіруге, бағалауға, оларға әрекет ету бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
9) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, кеңестер мен жұмыс топтарының отырыстарын дайындауға және өткізуге қатысу;
10) Кәсіпорын қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірлеуге, Кәсіпорынның ұйымдастырылуы мен жұмыс әдістерін жақсарту бойынша іс-шараларға қатысу;
11) Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша әлемдік озық тәжірибені зерделеу;
12) Кәсіпорынның өзекті бизнес-процестерін талдау, әзірлеу және енгізу;
13) Кәсіпорын қызметкерлері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын ұйымдастыру және мониторинг жүргізу;
14) Кәсіпорында сапа жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
15) сапа бойынша менеджерлердің жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру.
16) кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру;
17) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
18) Департамент қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде Е-Өтініш платформасында уақтылы қарауын бақылау;
19) Департамент құзыреті шегінде Кәсіпорын филиалдарының қызметін үйлестіру;
20) Департаменттің құзыреті шегінде даму жоспарына және бюджеттік өтінімге филиалдардың өтінімдерін қарау және олар бойынша ұсыныстар беру;
21) Кәсіпорын филиалдарына өз құзыреті шеңберінде әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
22) Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 4 желтоқсан сағат 18.00.
Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.